Екібастұзда он қазандықтың алты агрегаты жұмыс істеп тұр

Иллюстративті фото
Иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 қараша – Sputnik. Павлодар облысының Екібастұз қаласында жылу желілеріндегі апатты жою үшін қосымша 23 бригада тартылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Екібастұз ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Он қазандықтың алты агрегаты іске қосылды, төртеуі резервте.
Зақымданған жылу желілері толық жасалып біткен жоқ. 15 апаттық учаскенің 14-і қалпына келтірілді.
"Таңертең тағы 25 көпқабатты және 90 жеке үйде жылу беру проблемалары анықталды. Жылу желілерінде ыстық су бар. Бірақ ішкі жылумен жабдықтау желілерін жөндеуді аяқтау қажет. Ол үшін қосымша 23 бригада тартылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жылусыз қалған тұрғындар 1200 жылытқышпен қамтамасыз етілген.
Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Смайылов Екібастұздағы апат туралы: барлық әкім бұдан қорытынды шығаруға тиіс
Жаңалықтар
0