https://sputnik.kz/20221129/smayylov-ekibastuzdagy-apat-turaly-barlyq-akim-budan-qorytyndy-shygaruga-tiis-29820592.html
Смайылов Екібастұздағы апат туралы: барлық әкім бұдан қорытынды шығаруға тиіс
Смайылов Екібастұздағы апат туралы: барлық әкім бұдан қорытынды шығаруға тиіс
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Екібастұз қаласында жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды... 29.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-29T09:36+0500
2022-11-29T09:36+0500
2022-11-29T09:37+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1c/29782503_0:176:3016:1873_1920x0_80_0_0_9d4b457eacf19bceac72040f1819a204.jpg
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Екібастұз қаласында жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол энергетика министрлігіне индустрия министрлігімен бірлесіп, "Екібастұзжылуэнерго" мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізуді тапсырды.Премьер "апат қаупі" жоғары объектілердің жабдықтары мен инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек екенін атап өтті.Барлық жылу және энергия жүйелерінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін осы объектілердің меншік иелерімен жұмыс жүргізіледі.Смайылов тиісті министрліктерге әкімдіктермен бірлесіп, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы аясында коммуналдық кәсіпорындардан келіп түсетін әрбір өтінімді мұқият зерттеуді тапсырды."Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғыртуға және жөндеуге бөлінетін қаражаттың нақты, мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алу керек. Әкімдер жылу беру маусымын тұрақты жеке бақылауда ұстау керек", - деді үкімет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1c/29782503_143:0:2874:2048_1920x0_80_0_0_b840e671ef670d1fa4fbcb62c3645151.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
Смайылов Екібастұздағы апат туралы: барлық әкім бұдан қорытынды шығаруға тиіс
09:36 29.11.2022 (жаңартылды: 09:37 29.11.2022) АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Екібастұз қаласында жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол энергетика министрлігіне индустрия министрлігімен бірлесіп, "Екібастұзжылуэнерго" мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізуді тапсырды.
"Қыс басталмай жатып, осындай төтенше жағдай орын алып отыр. Барлық әкім бұдан қорытынды шығаруға тиіс. Энергетика және индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердегі энергетикалық объектілерге толықтай техникалық аудит жүргізіп, үкіметке тиісті ақпаратты енгізсін. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру қажет", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Премьер "апат қаупі" жоғары объектілердің жабдықтары мен инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек екенін атап өтті.
Барлық жылу және энергия жүйелерінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін осы объектілердің меншік иелерімен жұмыс жүргізіледі.
Смайылов тиісті министрліктерге әкімдіктермен бірлесіп, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы аясында коммуналдық кәсіпорындардан келіп түсетін әрбір өтінімді мұқият зерттеуді тапсырды.
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғыртуға және жөндеуге бөлінетін қаражаттың нақты, мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алу керек. Әкімдер жылу беру маусымын тұрақты жеке бақылауда ұстау керек", - деді үкімет басшысы.