https://sputnik.kz/20221126/toqaev-ulyqtau-rasimi-29754713.html
Тоқаев ұлықтау рәсімінде: қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі
Тоқаев ұлықтау рәсімінде: қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ұлықтау рәсімінен кейін ресми түрде президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жеті жылда өз миссиясын абыроймен... 26.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-26T13:43+0500
2022-11-26T13:43+0500
2022-11-26T13:43+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1a/29751450_45:0:737:389_1920x0_80_0_0_1ebb6168f604be779a8ca4033e950561.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ұлықтау рәсімінен кейін ресми түрде президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жеті жылда өз миссиясын абыроймен атқарып шығатынына сенетінін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын!", - деді Тоқаев елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде. Президент алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышын өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп санайды. Осы орайда ол билік қолға алған реформалар соңына дейін міндетті түрде жеткізілетінін мәлімдеді. "Мен бүгін халқымның алдында тұрып, бастаған ісіміз берекелі болсын деп тілеймін. Қазақ – ырымшыл халық. Мен биыл қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде ата-баба рухына құран бағыштап, Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым. Ол – елдің амандығы", - деп түйіндеді сөзін Тоқаев. Айта кетері, бүгін елордадағы тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жеткен болатын.
https://sputnik.kz/20221126/toqaev-qazaqstan-khalqyna-ant-29745361.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1a/29751450_132:0:651:389_1920x0_80_0_0_34413efe691041b0ced22fe9e9dcecfe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев ұлықтау рәсімінде: қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ұлықтау рәсімінен кейін ресми түрде президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жеті жылда өз миссиясын абыроймен атқарып шығатынына сенетінін жеткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын!", - деді Тоқаев елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде.
Президент алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышын өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп санайды.
"Қазақта "аманат" деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын", - деп уәде берді мемлекет басшысы.
Осы орайда ол билік қолға алған реформалар соңына дейін міндетті түрде жеткізілетінін мәлімдеді.
"Мен бүгін халқымның алдында тұрып, бастаған ісіміз берекелі болсын деп тілеймін. Қазақ – ырымшыл халық. Мен биыл қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде ата-баба рухына құран бағыштап, Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым. Ол – елдің амандығы", - деп түйіндеді сөзін Тоқаев.
Айта кетері, бүгін елордадағы тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жеткен болатын.