Экономика

Қазақстан заңсыз шығарылған капиталды елге қайтару туралы заң қабылдайды

© Sputnik / Абзал КалиевДоллар, иллюстративное фото
Доллар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Үкімет заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент әділдікті қалпына келтіріп, елден заңсыз шығарылған барлық активті қайтару қажет екенін атап өтті.
"Бұл үшін Үкімет заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлейді. Сонымен қатар заң жобасы әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шығаруға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталады", - деді Тоқаев ұлықтау рәсімінде.
Айтуынша, қайтарылған барлық қаражат азаматтардың игілігіне жұмсалуға тиіс. Қаржы жоғары технологиялы өндіріс орындарын ашуға, мектептер мен ауруханалар салуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға пайдаланылады. Тоқаев тиісті жарлыққа бүгін қол қояды.
"Жақын арада ауқатты кәсіпкерлер халықтың игілігі үшін өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін жандандырады деп ойлаймын", - деді мемлекет басшысы.
Бүгін елордадағы тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шараға тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2022
Президент сайлауы - 2022
Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті
Жаңалықтар
0