https://sputnik.kz/20221126/qazaqstan-eldermen-yntymaqtastyq-maselesi-29751032.html
Қазақстан қай елдермен ынтымақтастық мәселесін басты назарда ұстайды
Қазақстан қай елдермен ынтымақтастық мәселесін басты назарда ұстайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі жалғастырады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт... 26.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-26T11:15+0500
2022-11-26T11:15+0500
2022-11-26T11:17+0500
саясат
қазақстан
ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/13/28602314_243:0:3884:2048_1920x0_80_0_0_c6bf501e161f5130a44893fe4b95c5ba.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі жалғастырады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Қазақстан өз ұлттық мүддесін қорғауға бағытталған теңгерімді және конструктивті сыртқы саясатын жүзеге асыруды жалғастырады. Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азиядағы бауырлас мемлекеттермен, интеграциялық бірлестіктер жөніндегі серіктестермен арадағы өзара тиімді ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестік мәселелері басты назарда болады", - деді Тоқаев елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде. Сонымен қатар, айтуынша, Қазақстан АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен, Азия, Таяу Шығыс және Кавказ мемлекеттерімен, сондай-ақ басқа мүдделі елдердің барлығымен көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Айтуынша, халықтың тілегі мен заман талабына сай тиімді мемлекет – маңызды тарихи міндет. Сондықтан мемлекеттік қызметке нақты сектордан меритократия және ашық бәсекелестік қағидаттарына сай іріктеуден өткен жаңа басқарушы азаматтар алынады. Президенттік кадр резервінің мүшелері белсенді түрде тартылады. "Біздің басты байлағымыз – адам. Сондықтан азаматтардың игілігі үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды. Еліміз даму жолында, негізінен, өз күшіне сенеді. Сонымен қатар шетелден тікелей инвестиция тарта отырып, түрлі саладағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады", - деді президент. Айта кетері, бүгін елордадағы тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шараға тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жеткен болатын.
https://sputnik.kz/20221126/qazaqstan-zansyz-shygarylgan-kapital-29750220.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/13/28602314_1087:0:3818:2048_1920x0_80_0_0_48aacc19fb50805df340da0ce39410ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ынтымақтастық
Қазақстан қай елдермен ынтымақтастық мәселесін басты назарда ұстайды
11:15 26.11.2022 (жаңартылды: 11:17 26.11.2022) АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі жалғастырады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстан өз ұлттық мүддесін қорғауға бағытталған теңгерімді және конструктивті сыртқы саясатын жүзеге асыруды жалғастырады. Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азиядағы бауырлас мемлекеттермен, интеграциялық бірлестіктер жөніндегі серіктестермен арадағы өзара тиімді ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестік мәселелері басты назарда болады", - деді Тоқаев елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде.
Сонымен қатар, айтуынша, Қазақстан АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен, Азия, Таяу Шығыс және Кавказ мемлекеттерімен, сондай-ақ басқа мүдделі елдердің барлығымен көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін бар күш-жігерін жұмсайды.
"Қазақстан қазіргі халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын берік ұстанатын ел болып қала береді", - деп атап өтті президент.
Айтуынша, халықтың тілегі мен заман талабына сай тиімді мемлекет – маңызды тарихи міндет. Сондықтан мемлекеттік қызметке нақты сектордан меритократия және ашық бәсекелестік қағидаттарына сай іріктеуден өткен жаңа басқарушы азаматтар алынады. Президенттік кадр резервінің мүшелері белсенді түрде тартылады.
"Біздің басты байлағымыз – адам. Сондықтан азаматтардың игілігі үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды. Еліміз даму жолында, негізінен, өз күшіне сенеді. Сонымен қатар шетелден тікелей инвестиция тарта отырып, түрлі саладағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады", - деді президент.
Айта кетері, бүгін елордадағы тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шараға тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.
20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жеткен болатын.