https://sputnik.kz/20221126/kasipkerler-sebepsiz-tekserister--prezident-29751217.html
Кәсіпкерлер себепсіз тексерістерді біржолата ұмытуы қажет – президент
Кәсіпкерлер себепсіз тексерістерді біржолата ұмытуы қажет – президент
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндер қатаң жауапқа тартылатынын... 26.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-26T11:31+0500
2022-11-26T11:31+0500
2022-11-26T11:31+0500
экономика
кәсіпкер
президент
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1a/29742573_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_fe6c6f3f3f5119283f9d907cef67bc18.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндер қатаң жауапқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Басты міндет – іскер азаматтарымыздың кәсіпкерлік рухына зиянын тигізетін жасанды кедергілер мен шектеулердің бәрін жою. Кәсіпкерлер бизнеске жүргізілетін себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет. Олар тек салық органдарының алдында ғана есеп береді", - деді Тоқаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде. Ол мемлекет пен бизнес – сенімді серіктестер екенін атап өтті. Айтуынша, шынайы заң үстемдігі орнамай, әділетті әрі нарықтық экономиканы құру, жеке меншікті қорғау, бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес.Сондықтан заң алдында бәрінің тең болуы – мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуының негізгі шарты. "Барлық мәселе, әсіресе түйткілді және даулы проблемалар конструктивті диалог арқылы, ең алдымен, парламентте шешілуге тиіс. Алдағы сенат және мәжіліс сайлауы осы мүмкіндікті береді", - деп сендірді Тоқаев. Айта кетері, бүгін елордадағы тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жеткен болатын.
https://sputnik.kz/20221126/qazaqstan-zansyz-shygarylgan-kapital-29750220.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1a/29742573_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d5d1590e6da51b376fd19e9b650cc8b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер, президент, тексеріс
кәсіпкер, президент, тексеріс
Кәсіпкерлер себепсіз тексерістерді біржолата ұмытуы қажет – президент
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндер қатаң жауапқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Басты міндет – іскер азаматтарымыздың кәсіпкерлік рухына зиянын тигізетін жасанды кедергілер мен шектеулердің бәрін жою. Кәсіпкерлер бизнеске жүргізілетін себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет. Олар тек салық органдарының алдында ғана есеп береді", - деді Тоқаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде.
Ол мемлекет пен бизнес – сенімді серіктестер екенін атап өтті.
"Шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндердің бәрі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады. Біз ауқымды индустрияландыруды, инфрақұрылымдарды салуды және жаңғыртуды қолға аламыз. Кең байтақ еліміздің әр өңірінің дамуына тың серпін беру маңызды", - деді президент.
Айтуынша, шынайы заң үстемдігі орнамай, әділетті әрі нарықтық экономиканы құру, жеке меншікті қорғау, бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес.
Сондықтан заң алдында бәрінің тең болуы – мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуының негізгі шарты.
"Барлық мәселе, әсіресе түйткілді және даулы проблемалар конструктивті диалог арқылы, ең алдымен, парламентте шешілуге тиіс. Алдағы сенат және мәжіліс сайлауы осы мүмкіндікті береді", - деп сендірді Тоқаев.
Айта кетері, бүгін елордадағы тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жеткен болатын.