Елордада үй қызметкері жұмыс берушінің гауһар әшекейлерін жымқырған

© AP Photo / Alastair GrantКрупнейший бриллиант округлой формы
Крупнейший бриллиант округлой формы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Астанада жұмыс берушінің үйінен гауһар әшекейлерді ұрлаған үй қызметкері ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, пәтерінен гауһар тастары бар алтын сырғалары ұрланғанын айтып арызданған. Ол үй қызметкерінен күдіктенетінін жеткізген.
"Үй иесі хабарландыру сайты арқылы тапқан 43 жастағы әйел үйде бір ай жұмыс істеген. Жұмысшы әйел жатын бөлмені жинап жүріп, шкафтан киім-кешек пен сырғаларды ұрлап кеткен", - деді полиция.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Ол ұрлаған заттарын ломбардқа өткізген. Зергерлік бұйымдар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сейф - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2022
Той жасап, пәтер сатып алған: Өскеменде үй қызметкері қомақты соманы қолды қылды
Жаңалықтар
0