https://sputnik.kz/20220914/oskemende-uy-qyzmetkeri-qomaqty-somany-qoldy-qyldy-27557814.html
Той жасап, пәтер сатып алған: Өскеменде үй қызметкері қомақты соманы қолды қылды
Той жасап, пәтер сатып алған: Өскеменде үй қызметкері қомақты соманы қолды қылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Өскемен қаласында үйдегі сейфтен 130 мың АҚШ долларын ұрлаған қыз ұсталды. Ол үй қызметкері болып жұмыс істеген, деп... 14.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-14T10:44+0500
2022-09-14T10:44+0500
2022-09-14T10:56+0500
өскемен
ұрлық
https://sputnik.kz/img/387/09/3870934_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_7d148f8d0b4aa7481982da98cecc6de3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Өскемен қаласында үйдегі сейфтен 130 мың АҚШ долларын ұрлаған қыз ұсталды. Ол үй қызметкері болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Polisia.kz.Полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызданып, үйдің астыңғы қабатында орналасқан сейфтен шамамен 130 000 АҚШ долларының (шамамен, 61 100 000 теңге) жоғалғанын айтты. Криминалдық полиция қызметкерлері бірден тергеуге кірісіп, күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің үй қызметшісі болып шықты. 21 жастағы қыз тамыз айының басында сейфтен 10 000 АҚШ долларын ұрлаған және осы ұрланған ақшаға шетелде демалып келгенін мойындады. "Ал демалыстан келгенде үй иелері ештеңе айтпаған. Себебі ақшаның жоғалғанын байқамады. Ал үй қызметшісі болса, әрі қарай ештеңе болмағандай жұмысын жалғастыра берген. Бірақ ұрлығын да тоқтатпады. Ол бір айдың ішінде сейфтен 130 000 АҚШ долларын алып шықты", - дейді полицейлер.Сол ақшаға үйлену тойын жасап, пәтер және көлік сатып алған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Осы қылмыс үшін жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі де тәркіленеді.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/387/09/3870934_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_36866c5d7040ab1c4a761034a760ce66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, ұрлық
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Өскемен қаласында үйдегі сейфтен 130 мың АҚШ долларын ұрлаған қыз ұсталды. Ол үй қызметкері болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызданып, үйдің астыңғы қабатында орналасқан сейфтен шамамен 130 000 АҚШ долларының (шамамен, 61 100 000 теңге) жоғалғанын айтты.
Криминалдық полиция қызметкерлері бірден тергеуге кірісіп, күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің үй қызметшісі болып шықты. 21 жастағы қыз тамыз айының басында сейфтен 10 000 АҚШ долларын ұрлаған және осы ұрланған ақшаға шетелде демалып келгенін мойындады.
"Ал демалыстан келгенде үй иелері ештеңе айтпаған. Себебі ақшаның жоғалғанын байқамады. Ал үй қызметшісі болса, әрі қарай ештеңе болмағандай жұмысын жалғастыра берген. Бірақ ұрлығын да тоқтатпады. Ол бір айдың ішінде сейфтен 130 000 АҚШ долларын алып шықты", - дейді полицейлер.
Сол ақшаға үйлену тойын жасап, пәтер және көлік сатып алған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы қылмыс үшін жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі де тәркіленеді.