Қазақстан Баку – Тбилиси – Джейхан бағыты бойынша мұнай экспорттаушыны анықтап жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневДәурен Қарабаев
Дәурен Қарабаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау туралы айтты.
Қазақстандық "ҚазМұнайГаз" бен Әзербайжанның SOCAR компаниясы Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 миллион тоннаға дейін қазақстандық мұнайды тасымалдау туралы бес жылға келісімге қол қойды.
"Қазір келесі жылдан бастап осы көлемдегі мұнайды тасымалдайтын қазақстандық мұнай компаниясын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл көлем ұлғаяды деп санаймыз. Қазақстандық компаниялар ғана емес, Әзербайжан кәсіпорындары да қызығушылық танытып отыр", - деді ұлттық компанияның басқарма төрағасының орынбасары.
10 қарашада Қазақстан премьер-министрі "келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 миллион тонна Қазақстан мұнайын тасымалдау туралы келісім бар" екенін хабарлады.
"Бұл көлемді одан әрі 6-6,5 млн тоннаға дейін арттыру пысықталып жатыр", - деді Смайылов.
 Резервуар КТК. КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Экономика
Министр президентке Каспий құбыр желісі төңірегіндегі ахуал туралы айтты
Жаңалықтар
0