Экономика

Министр президентке Каспий құбыр желісі төңірегіндегі ахуал туралы айтты

© Photo : КТК Резервуар КТК. КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России
 Резервуар КТК. КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Жазылу
Мемлекет басшысы еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамытудың аса маңызды екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Президент "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысына ұлттық компанияның қазіргі жұмыстары мен қаржылық жағдайы және алдағы кезеңдегі даму перспективалары туралы есеп берілді. Кездесу барысында Каспий құбыр желісі консорциумына қатысты ахуалға ерекше назар аударылды", - делінген ақпаратта.
Президентке айлақтың жылжымалы құрылғылар жүйесін жөндеу жұмыстарының жуырда аяқталатыны жөнінде де баяндалған. Бұл Қазақстан мұнайын Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы тасымалдаудың бұрынғы көлемін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Тоқаевқа Атырау облысындағы полипропилен шығаратын кешен құрылысының барысы туралы мәлімет берілді. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, аталған зауыттың құрылысын жуық арада аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мұнай-газ химиясының өнімі бойынша Қазақстанның нетто-экспортерге айналуына мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамытудың аса маңызды екенін айтты.
Жаңалықтар
0