Елімізде екі әлеуметтік төлемнің мөлшері артады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты купюры
Деньги, тенге монеты купюры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Үкімет 2023 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемнің бес түрі беріледі. Олар: асыраушысынан айырылу, жүктілік пен босану, жұмыссыз қалу, бала күтімі мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу. Соның ішінде екі төлемнің мөлшері келесі жылдан бастап артады.
"2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 пайызға артады", - делінген үкімет қаулысында.
Құжат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетері, бұған дейін қордан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыруға шешім қабылданған болатын. Бұдан бөлек, бала күтімі бойынша берілетін төлемдердің мерзімі бір жарым жылға дейін ұзартылады.
Жаңалықтар
0