https://sputnik.kz/20221004/aleumettik-saqtandyru-qorynan-beriletin-tolemderdin-molsheri-artady-28176273.html
Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдердің мөлшері артады
Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдердің мөлшері артады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Келесі жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін екі төлемнің мөлшері артады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға... 04.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-04T16:59+0500
2022-10-04T16:59+0500
2022-10-04T16:59+0500
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Келесі жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін екі төлемнің мөлшері артады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сұхбат берген қордың бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты.Төлемнің мерзімі ұзартыладыПрезиденттің соңғы жолдауында бала күтімі бойынша берілетін төлемдердің мерзімін бір жарым жылға дейін ұзартуға тапсырма берілді. Ал ондай төлем бюджеттен ғана емес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан да төленеді. Оны алу үшін жалақыдан тұрақты түрде жарналар аударылуы шарт. Сонда соңғы екі жылдағы орташа жалақының 40 процентін бала күтімінде отырғанда алуға болады.Оның айтуынша, алушының орташа жалақысы 100 мың теңге болса, ай сайынғы төлемнің мөлшері 40 мың теңге (40 процент) болады. Ал 200 мың теңгенің жалақысын алатындарға 80 мың теңгеден аударылады. Бірақ әрбір төлемнен зейнетақы жарнасы ұсталады.Жалпы, жалақысы жоғары келіншектер үшін бір жарым жылдың ішінде қордан бір миллион теңгеден асатын төлемдерді алуға мүмкіндік бар.Мемлекеттік жәрдемақыБүгінде бала бір жасқа толғанша мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оны жұмыс істемеген және міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарна аудармаған әйелдер мен ер адамдар алады. Осы жәрдемақының биылғы мөлшері:2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында келесі жылы айлық есептік көрсеткішті 3 450 теңгеге дейін көтеру қарастырылған. Демек мемлекеттік жәрдемақы тағы өседі. Мәселен, бір баланың күтіміне ай сайын 17,6 мың емес, 20 мың теңгеге жуық ақша беріледі.Ал жәрдемақыны төлеу мерзімі бір жарым жылға ұзартылатынын ескерсек, 2024 жылы АЕК тағы өсіп, оған тағы 2-2,5 мың теңге қосылады.Жұмыссыздарға берілетін төлем өседіКелесі жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін тағы бір төлемнің мөлшері өседі. Ол – жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем. Қазіргі кезде оның мөлшері де орташа айлықтың 40 процентін құрайды. Ал 2023 жылдан бастап осы төлемнің көлемі 45 процентке дейін көтеріледі."Оны тағайындағанда жұмыстан шығып кету себептеріне қарамайды. Бәріне бірдей беріледі. Ең бастысы, адам жұмыспен қамту орталығында немесе электронды еңбек биржасы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Сол күннен бастап жұмыс өтіліне қарай бір айдан алты айға дейін төлем алуға болады. Келесі жылдан бастап тағы 5 процентке өседі. Сонда 2023 жылы 1 қаңтардан бастап осы төлем автоматты түрде 45 процентке көтеріледі. Оны алу үшін қосымша құжат әкелудің қажеті жоқ", - деді қордың бас директоры Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.Қордың тәртібіне сәйкес, адамның жұмыс өтілі неғұрлым көп болса, төлемнің мөлшері соғұрлым жоғары болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
жәрдемақы
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Келесі жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін екі төлемнің мөлшері артады. Бұл туралы
Sputnik Қазақстанға сұхбат берген қордың бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты.
Төлемнің мерзімі ұзартылады
Президенттің соңғы жолдауында бала күтімі бойынша берілетін төлемдердің мерзімін бір жарым жылға дейін ұзартуға тапсырма берілді. Ал ондай төлем бюджеттен ғана емес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан да төленеді. Оны алу үшін жалақыдан тұрақты түрде жарналар аударылуы шарт. Сонда соңғы екі жылдағы орташа жалақының 40 процентін бала күтімінде отырғанда алуға болады.
"2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы төлемдер бір жарым жылға дейін ұзартылады. Мәселен, биыл туған балалардың төлемі автоматты түрде жарты жылға созылады. Ал 1 қаңтардан кейін туатын балаларға бірден бір жарым жылға тағайындалады", - дейді Кемел.
Оның айтуынша, алушының орташа жалақысы 100 мың теңге болса, ай сайынғы төлемнің мөлшері 40 мың теңге (40 процент) болады. Ал 200 мың теңгенің жалақысын алатындарға 80 мың теңгеден аударылады. Бірақ әрбір төлемнен зейнетақы жарнасы ұсталады.
Жалпы, жалақысы жоғары келіншектер үшін бір жарым жылдың ішінде қордан бір миллион теңгеден асатын төлемдерді алуға мүмкіндік бар.
Бүгінде бала бір жасқа толғанша мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оны жұмыс істемеген және міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарна аудармаған әйелдер мен ер адамдар алады. Осы жәрдемақының биылғы мөлшері:
бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 17 643 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 20 859 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 24 044 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 27 261 теңге.
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында келесі жылы айлық есептік көрсеткішті 3 450 теңгеге дейін көтеру қарастырылған. Демек мемлекеттік жәрдемақы тағы өседі. Мәселен, бір баланың күтіміне ай сайын 17,6 мың емес, 20 мың теңгеге жуық ақша беріледі.
Ал жәрдемақыны төлеу мерзімі бір жарым жылға ұзартылатынын ескерсек, 2024 жылы АЕК тағы өсіп, оған тағы 2-2,5 мың теңге қосылады.
Жұмыссыздарға берілетін төлем өседі
Келесі жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін тағы бір төлемнің мөлшері өседі. Ол – жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем. Қазіргі кезде оның мөлшері де орташа айлықтың 40 процентін құрайды. Ал 2023 жылдан бастап осы төлемнің көлемі 45 процентке дейін көтеріледі.
"Оны тағайындағанда жұмыстан шығып кету себептеріне қарамайды. Бәріне бірдей беріледі. Ең бастысы, адам жұмыспен қамту орталығында немесе электронды еңбек биржасы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Сол күннен бастап жұмыс өтіліне қарай бір айдан алты айға дейін төлем алуға болады. Келесі жылдан бастап тағы 5 процентке өседі. Сонда 2023 жылы 1 қаңтардан бастап осы төлем автоматты түрде 45 процентке көтеріледі. Оны алу үшін қосымша құжат әкелудің қажеті жоқ", - деді қордың бас директоры Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Қордың тәртібіне сәйкес, адамның жұмыс өтілі неғұрлым көп болса, төлемнің мөлшері соғұрлым жоғары болады.