https://sputnik.kz/20221120/prezidenttike-umitkerlerdin-barlygy-dauys-berdi-29525331.html
Президенттіке үміткерлердің барлығы дауыс берді — фото
Президенттіке үміткерлердің барлығы дауыс берді — фото
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Елде өтіп жатқан президент сайлауында үміткерлердің алтауы да дауыс берді. 20.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-20T10:41+0500
2022-11-20T10:41+0500
2022-11-20T10:57+0500
президент сайлауы - 2022
дауыс беру
үміткерлер
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29513570_1:0:1920:1079_1920x0_80_0_0_a462624c3f7fc7179f1985d9f56dc3ea.jpg
АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Елде өтіп жатқан президент сайлауында үміткерлердің алтауы да дауыс берді. Кандидат Салтанат Тұрысбекова дауыс беруге Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 107 сайлау учаскесіне өзінің сайлау штабының қызметкерлерімен келді.Ол сайлауға үміткер ретінде тіркелген екі әйелдің бірі. Оны "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған еді. Қарақат Әбден де қалыс қалмады. Ол "Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінен үміткер ретінде ұсынылған. Ол сайлаудан кейін еліміздің дамуына ерекше қарқын беріледі деген үміттенетінін айтты.Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан үміткер Нұрлан Әуесбаев дауыс беруге көтеріңкі көңіл күймен келгенін айтты."Көңіл-күйім көтеріңкі, жақсы. Бүгін мен республика азаматы ретінде өз міндетімді орындауға – дауыс беруге келдім", - деді ол.Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен дауыс беруге жұбай және қызымен келді. Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" бірлестігі ұсынған болатын.Бұған дейін Жигули Дайрабаевтың алғашқылардың бірі болып дауыс бергенін жазған едік. Сонымен қатар кезектен тыс президент сайлауына түсіп жатқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та дауыс берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29513570_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_519767338fc1459b8cfc6196583d6b4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дауыс беру, үміткерлер
АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Елде өтіп жатқан президент сайлауында үміткерлердің алтауы да дауыс берді.
Кандидат Салтанат Тұрысбекова дауыс беруге Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 107 сайлау учаскесіне өзінің сайлау штабының қызметкерлерімен келді.
Ол сайлауға үміткер ретінде тіркелген екі әйелдің бірі. Оны "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған еді.
Қарақат Әбден де қалыс қалмады. Ол "Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінен үміткер ретінде ұсынылған. Ол сайлаудан кейін еліміздің дамуына ерекше қарқын беріледі деген үміттенетінін айтты.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан үміткер Нұрлан Әуесбаев дауыс беруге көтеріңкі көңіл күймен келгенін айтты.
"Көңіл-күйім көтеріңкі, жақсы. Бүгін мен республика азаматы ретінде өз міндетімді орындауға – дауыс беруге келдім", - деді ол.
Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен дауыс беруге жұбай және қызымен келді. Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" бірлестігі ұсынған болатын.
Бұған дейін Жигули Дайрабаевтың алғашқылардың бірі болып
дауыс бергенін жазған едік.
Сонымен қатар кезектен тыс президент сайлауына түсіп жатқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та
дауыс берді.