сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Президент сайлауы: Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді

Жигули Дайрабаев
Жигули Дайрабаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстан президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді.
Дайрабаев таңғы 6:40-та Астанадағы халықаралық мектепте орналасқан №396 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
Ол өзінің зайыбы және немерлерімен келді.
Журналистің "мүмкіндігіңізді қалай бағалайсыз" деген сұрағына Орталық сайлау комиссиясының нәтижесін күтетінін айтты.
"Мен Қазақстан республикасының азаматы ретінде өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Мүмкіндігім мен жинауым ықтимал дауыс саны туралы айту орынсыз деп ойлаймын. Қай солдат генерал болуды армандамайды. Сондықтан мен сайлауға қатысқаныма ризамын, дауыс беру нәтижесіқандай болмасын ары қарай ел игілігі үшін жұмыс істей беремін", - деді ол.
Жаңалықтар
0