Өңірлер

Шығыс Қазақстанда ер адам 34 жыл құжатсыз жүрген

© Sputnik / Владислав ВодневҚұжат
Құжат - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің құжатсыз жүрген 34 жастағы ер адамды анықтады.
54 жастағы облыс орталығының тұрғыны 1988 жылы ата-анасымен бірге Өскеменге көшіп келген. Содан бері қаладан шықпаған. 20 жасында құжаттарын жоғалтқан. Содан кейін Қазақстан азаматының жеке куәлігін уақытылы рәсімдей алмаған.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері ер адамға көптен күткен құжатын алып, мемлекеттік қызметті пайдалана бастауға көмектесті.
Айта кетері, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтардың денсаулық сақтау қызметін, білім, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды алуы шектелген, сондай-ақ ресми түрде жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ.
Шығысқазақстандық полицейлер жыл басынан бері кеңес уақытындағы төлқұжатын айырбастамаған 125-тен астам адамды анықтады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2022
Экономика
Жеке куәлік пен жүргізуші құжатын алу қымбаттай түсті
Жаңалықтар
0