https://sputnik.kz/20220103/jeke-kualik-baga-18895829.html
Жеке куәлік пен жүргізуші құжатын алу қымбаттай түсті
Жеке куәлік пен жүргізуші құжатын алу қымбаттай түсті
Sputnik Қазақстан
Айлық есептік көрсеткіш мөлшері өскен сайын, құжаттардың бағасы да жыл сайын өзгеріп тұрады 03.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-03T15:00+0500
2022-01-03T15:00+0500
2023-08-11T11:42+0500
экономика
жүргізуші куәлігі
құжат
жеке куәлік
https://sputnik.kz/img/846/05/8460503_84:0:4303:2373_1920x0_80_0_0_a79827f4c30aeb1df28b6ce072cb8962.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Жаңа жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгеге дейін өсті. 2021 жылы ол 2 917 теңге болған еді. Заңнамаға сәйкес АЕК мемлекеттік жәрдемақыны, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады. Бірінші қаңтардан бастап оның мөлшері 3 063 теңгеге жетті. Осыған байланысты елімізде бірқатар құжатты алу үшін төленетін мемлекеттік баж да ұлғайып отыр.Енді қазақстандықтар қанша төлейді:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/846/05/8460503_611:0:3775:2373_1920x0_80_0_0_e1275a4858d75174b937ec5fc8887e84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші куәлігі, құжат, жеке куәлік
жүргізуші куәлігі, құжат, жеке куәлік
Жеке куәлік пен жүргізуші құжатын алу қымбаттай түсті
15:00 03.01.2022 (жаңартылды: 11:42 11.08.2023) Айлық есептік көрсеткіш мөлшері өскен сайын, құжаттардың бағасы да жыл сайын өзгеріп тұрады
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Жаңа жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгеге дейін өсті. 2021 жылы ол 2 917 теңге болған еді.
Заңнамаға сәйкес АЕК мемлекеттік жәрдемақыны, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады. Бірінші қаңтардан бастап оның мөлшері 3 063 теңгеге жетті. Осыған байланысты елімізде бірқатар құжатты алу үшін төленетін мемлекеттік баж да ұлғайып отыр.
Енді қазақстандықтар қанша төлейді:
- паспорт алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 24 504 теңге;
- жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 613 теңге;
- жүргізуші куәлігі – 1,25 АЕК немесе 3 828 теңге;
- туу туралы куәлік тегін беріледі, бірақ акт жазбасына қандай да бір өзгеріс енгізу немесе оны қалпына келтіру үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге төлеу қажет;
- некені тіркеу – 1 АЕК немесе 3 063 теңге, ал неке куәлігін екінші рет алған жағдайда – 0,5 АЕК немесе 1 532 теңге;
- ажырасуға арыз беру кезінде мемлекеттік баж салығының мөлшері – 2 АЕК немесе 6 126 теңге.