Білім

Google қазақстандық университет түлегін жұмысқа шақырды

© AFP 2024 / LEON NEALGoogle
Google - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. Google компаниясы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі Әли Жүсіпов тіжұмысқа шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әли механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша білім алды. Қыркүйек айынан бері Google-дің Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы болып жұмыс істейді.
Жас маман Google-ға дейін "Яндекс" компаниясында тағылымдамадан өтіп, "Сберде" бағдарламашы-әзірлеуші ретінде тәжірибе жинап үлгерген.
Университет сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Әли Жүсіпов ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиада мен жарыста жеңімпаз атанған. Шахмат пен баскетболға әуес болған.
Бүгінде ЕҰУ түлектерінің көпшілігі отандық және шетелдік IT-компанияларда табысты еңбек етіп жатыр. Университеттің механика-математика факультеті бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 15 білім беру бағдарламасы бойынша маман даярлайды.
архив  фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Білім
Шымкенттік оқушы шетелдік 34 оқу орнынан шақырту алды
Жаңалықтар
0