https://sputnik.kz/20220517/shymkent-oqushy-shaqyrtu-24874613.html
Шымкенттік оқушы шетелдік 34 оқу орнынан шақырту алды
Шымкенттік оқушы шетелдік 34 оқу орнынан шақырту алды
Sputnik Қазақстан
Дарынды қазақстандық оқушы әлемдік деңгейде үздік білім алып, алған білімін республикада енгізуді жосарлап отыр 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T20:14+0500
2022-05-17T20:14+0500
2022-05-17T20:14+0500
білім
шымкент
оқушы
https://sputnik.kz/img/541/35/5413521_0:146:1920:1226_1920x0_80_0_0_4d7aa81b8e326edf4508c35a2c6daada.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Шымкенттік оқушы Мирас Сейілханға әлем бойынша 34 оқу орнынан ұсыныс түсті. Otyrar.kz, ұсынған ақпарат бойынша, "Білім-Инновация" лицейінің 11-сынып оқушысына америкалық, британ, италиялық және австралиялық оқу орындарынан ұсыныс түскен. Жасөспірім өз мектебінде президент және как bil PRESS пен BIL VOLUNTEERS сынды жобалардың авторы болып табылады. Ол шетелдік беделді оқу орнында білім алуды армандағанын айтты. Оқуға түсуге дайындықты 9-сыныпта оқып жүрген кезде бастаған. Тынымсыз әрі ұзақ дайындық, білікті педагогтар мен сапалы білім жасөспірімге үздік нәтиже көрсетуге көмектесті. Ол халықаралық тест тапсырды: IELTS — 8.0 балл, Duolingo — 135, 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазды. Осыдан кейін студент әлемнің 34 университетінен, атап айтқанда 12 америкалық, 5 британ, 5 канадалық оқу орнынан, Испаниядағы 1, Австралиядағы 4 оқу орнынан, сондай-ақ басқа елдердегі білім ордаларынан шақыру алды. "Өз ұстаздарыма деген алғысыз зор. Олар үлкен рөл атқарды. Негізінен өзімнің кәсіби бейімдеушім Дұғат пен Нұрбек ағама алғыс айтқым келеді. Олар мені IELTS сынағына дайындады. Мен 9-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі уақытымды оқуға түсуге дайындыққа ғана арнадым", - дейді Мирас Сейілхан. Дарынды қазақстандық оқушы Colgate University, London School of Economics және Ithaca College университеттеріне тоқтау жасады. Мирас қаржы мен экономиканы меңгеруді жоспарлап отыр. Оқуды тәмамдаған соң, жасөспірім елге оралып, алған білімін республикадағы жағдайды жақсартуға жұмсауды көздейді.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/541/35/5413521_46:0:1874:1371_1920x0_80_0_0_1348d1e0d1f35af6ee07ecd954136e76.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, оқушы
Шымкенттік оқушы шетелдік 34 оқу орнынан шақырту алды
Дарынды қазақстандық оқушы әлемдік деңгейде үздік білім алып, алған білімін республикада енгізуді жосарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Шымкенттік оқушы Мирас Сейілханға әлем бойынша 34 оқу орнынан ұсыныс түсті.
Otyrar.kz, ұсынған ақпарат бойынша, "Білім-Инновация" лицейінің 11-сынып оқушысына америкалық, британ, италиялық және австралиялық оқу орындарынан ұсыныс түскен. Жасөспірім өз мектебінде президент және как bil PRESS пен BIL VOLUNTEERS сынды жобалардың авторы болып табылады.
Ол шетелдік беделді оқу орнында білім алуды армандағанын айтты. Оқуға түсуге дайындықты 9-сыныпта оқып жүрген кезде бастаған.
Тынымсыз әрі ұзақ дайындық, білікті педагогтар мен сапалы білім жасөспірімге үздік нәтиже көрсетуге көмектесті. Ол халықаралық тест тапсырды: IELTS — 8.0 балл, Duolingo — 135, 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазды.
Осыдан кейін студент әлемнің 34 университетінен, атап айтқанда 12 америкалық, 5 британ, 5 канадалық оқу орнынан, Испаниядағы 1, Австралиядағы 4 оқу орнынан, сондай-ақ басқа елдердегі білім ордаларынан шақыру алды.
"Өз ұстаздарыма деген алғысыз зор. Олар үлкен рөл атқарды. Негізінен өзімнің кәсіби бейімдеушім Дұғат пен Нұрбек ағама алғыс айтқым келеді. Олар мені IELTS сынағына дайындады. Мен 9-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі уақытымды оқуға түсуге дайындыққа ғана арнадым", - дейді Мирас Сейілхан.
Дарынды қазақстандық оқушы Colgate University, London School of Economics және Ithaca College университеттеріне тоқтау жасады.
Мирас қаржы мен экономиканы меңгеруді жоспарлап отыр.
Оқуды тәмамдаған соң, жасөспірім елге оралып, алған білімін республикадағы жағдайды жақсартуға жұмсауды көздейді.