Үшінші "алтын": Азия чемпионатында Айбек Оралбай өзбекстандық боксшыны жеңді

© PhotoАйбек Оралбай
Айбек Оралбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2022
Жазылу
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия чемпионатында 92 келі салмақ дәрежесінде екі қазақ қолғап түйістірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл жекпе-жекте Айбек Оралбай өзбекстандық боксшы Мадияр Сайдрахымовқа қарсы шықты. Бірінші раундта Айбек Оралбай айқын басымдықпен жеңді. Ал екінші раундта бір ұпайдан айырылды. Мадияр да басын төмен түсіріп жүргені үшін бір ұпайдан айырылып қалды. Үшінші раундта қазақстандық боксшының соққылары дәл тиді. Осылайша, Оралбай Өзбекстанның атынан шығып жүрген этникалық қазақ Мадияр Сайдрахымовты жеңіп, ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды.
Екі боксшы 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында кездескен. Сол кезде Мадиярдың жолы болды. Ол қола жүлдені ұтып алды.
Айта кетері, бүгін Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен команда капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) алтыннан алқа тақты. Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) күміс жүлдегер атанды.
Қола жүлденің иегерлері – Саматәлі Төлтаев (60 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) мен Сағындық Тоғамбай (86 келі).
Бұған дейін боксшы қыздарымыз ел қоржынына үш алтын, бір күміс және бес қола медаль салған болатын.
Асланбек Шымбергенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2022
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Азия чемпионы атанды
Жаңалықтар
0