https://sputnik.kz/20221112/bokstan-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-aziya-chempiony-atandy-29264028.html
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Азия чемпионы атанды
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Азия чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов алтыннан... 12.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-12T17:40+0500
2022-11-12T17:40+0500
2022-11-12T17:41+0500
бокс
https://sputnik.kz/img/275/65/2756578_0:55:1080:663_1920x0_80_0_0_aece278c56ce9d78041b5a4cd9ecba3a.jpg
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.71 келіде өнер көрсетіп жүрген Асланбек Шымбергенов жергілікті боксшы Зеяд Ишайшпен кездесті. Бірінші раундта Шымбергеновтың жойқын соққысынан кейін рефери нокдаун жариялауға мәжбүр болды. Соның арқасында қазақстандық боксшы ұпай саны жағынан алға шықты. Екінші раундта екеуі ашық бокстасты. Шымбергеновтың соққылары дәл тиді. Бірақ үшінші раунда қазақстандық боксшы бір ұпайынан айырылды. Соған қарамастан, ұпай санымен жеңіске жетті.Шымбергенов екі мәрте Қазақстан чемпионы атанған. 2018 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.Айта кетері, бүгін Амманда Санжар Тәшкенбай (48 келі) алтыннан алқа тақты. Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) пен Дулат Бекбауов (67 келі) күміс жүлдегер атанды.Әйелдер құрамасы 9 медаль жеңіп алдыБұған дейін боксшы қыздарымыз ел қоржынына үш алтын, бір күміс және бес қола салған болатын.Алтын медаль:· Алуа Балқыбекова (48 келі);· Жайна Шекербекова (54 келі);· Карина Ибрагимова (57 келі);Күміс медаль:· Гүлсая Ержан (81 келі);Қола медаль:· Назым Қызайбай (50 келі);· Жазира Орақбаева (52 келі);· Мәдина Нұршаева (66 келі);· Дариға Шәкімова (70 келі);· Ляззат Күнгейбаева (+81 келі).
https://sputnik.kz/20221112/saken-bibosynov-olimpiada-chempionynan-zhenilip-qaldy-29262419.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/275/65/2756578_62:0:1019:718_1920x0_80_0_0_dbe2e93eb737df239307a8e087e4cc80.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бокс
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 71 келіде өнер көрсетіп жүрген Асланбек Шымбергенов жергілікті боксшы Зеяд Ишайшпен кездесті. Бірінші раундта Шымбергеновтың жойқын соққысынан кейін рефери нокдаун жариялауға мәжбүр болды. Соның арқасында қазақстандық боксшы ұпай саны жағынан алға шықты. Екінші раундта екеуі ашық бокстасты. Шымбергеновтың соққылары дәл тиді. Бірақ үшінші раунда қазақстандық боксшы бір ұпайынан айырылды. Соған қарамастан, ұпай санымен жеңіске жетті.
Шымбергенов екі мәрте Қазақстан чемпионы атанған. 2018 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.
Айта кетері, бүгін Амманда Санжар Тәшкенбай (48 келі) алтыннан алқа тақты. Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) пен Дулат Бекбауов (67 келі) күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер құрамасы 9 медаль жеңіп алды
Бұған дейін боксшы қыздарымыз ел қоржынына үш алтын, бір күміс және бес қола салған болатын.
· Алуа Балқыбекова (48 келі);
· Жайна Шекербекова (54 келі);
· Карина Ибрагимова (57 келі);
· Гүлсая Ержан (81 келі);
· Назым Қызайбай (50 келі);
· Жазира Орақбаева (52 келі);
· Мәдина Нұршаева (66 келі);
· Дариға Шәкімова (70 келі);
· Ляззат Күнгейбаева (+81 келі).