https://sputnik.kz/20221112/oralda-qos-qolynan-ayyrylgan-balanyn-otbasyna-pater-berildi-29255783.html
Оралда қос қолынан айырылған баланың отбасына пәтер берілді
Оралда қос қолынан айырылған баланың отбасына пәтер берілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Оралда тоқ соғып қос қолынан айырылған 4 жасар Аманжол Сисенғалиевтің отбасына жаңа пәтер табысталды, деп хабарлады "Хабар 24". 12.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-12T10:40+0500
2022-11-12T10:40+0500
2022-11-12T10:40+0500
тоқ соғу
орал
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913765_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ff9a638d595b97dcc13bdba30980bd6d.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Оралда тоқ соғып қос қолынан айырылған 4 жасар Аманжол Сисенғалиевтің отбасына жаңа пәтер табысталды, деп хабарлады "Хабар 24".Естеріңізге сала кетейік, оқыс жағдай осы жылдың маусым айында БҚО-ның Жаңақазан ауылында болған еді. Ойнап жүрген балақай абайсызда электр станциясының аумағына кіріп кетіп, жоғары кернеулі тоққа соғылған. Жарақатының аса ауырлығына байланысты дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.Зардап шеккен Аманжол – отбасындағы 4 баланың кішісі. Ол жаз бойы елдегі іргелі медициналық орталықтарда ем-дом алды. Еріктілердің бастамасымен арнайы қор құрылып, балаға протез сатып алу үшін қаражат жиналды. Ал балақайдың отбасына үш бөлмелі пәтер 9 қабатты жаңа үйден беріліп отыр."Кең үш бөлмелі үй. Мектеп қасында, балалар ауруханасы да қасында. Осы жайлы пәтер беріп жатқанына рахмет айтамын", - деді Аманжолдың әкесі Орынбек Сисенғалиев."Бұл пәтер Аманжол баламызға облыс әкімінің атынан демеушілердің көмегімен беріліп жатыр. Бүгін кілтін табыстадық, құжаттарын алды. Үй 3 бөлмелі, 84,4 шаршы метр", - деп атап өтті облыс әкімінің көмекшісі Мақсат Мұқанов.
https://sputnik.kz/20220926/pitstseriyadagy-qyzdyn-olimi-politsiya-zhumys-berushini-qamauga-aldy-27857354.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913765_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_eecbf21d5fd34b2df896c8a542cd22d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тоқ соғу, орал
Оралда қос қолынан айырылған баланың отбасына пәтер берілді
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Оралда тоқ соғып қос қолынан айырылған 4 жасар Аманжол Сисенғалиевтің отбасына жаңа пәтер табысталды, деп хабарлады
"Хабар 24". Естеріңізге сала кетейік, оқыс жағдай осы жылдың маусым айында БҚО-ның Жаңақазан ауылында болған еді. Ойнап жүрген балақай абайсызда электр станциясының аумағына кіріп кетіп, жоғары кернеулі тоққа соғылған. Жарақатының аса ауырлығына байланысты дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.
Зардап шеккен Аманжол – отбасындағы 4 баланың кішісі. Ол жаз бойы елдегі іргелі медициналық орталықтарда ем-дом алды. Еріктілердің бастамасымен арнайы қор құрылып, балаға протез сатып алу үшін қаражат жиналды. Ал балақайдың отбасына үш бөлмелі пәтер 9 қабатты жаңа үйден беріліп отыр.
"Кең үш бөлмелі үй. Мектеп қасында, балалар ауруханасы да қасында. Осы жайлы пәтер беріп жатқанына рахмет айтамын", - деді Аманжолдың әкесі Орынбек Сисенғалиев.
"Бұл пәтер Аманжол баламызға облыс әкімінің атынан демеушілердің көмегімен беріліп жатыр. Бүгін кілтін табыстадық, құжаттарын алды. Үй 3 бөлмелі, 84,4 шаршы метр", - деп атап өтті облыс әкімінің көмекшісі Мақсат Мұқанов.