Аты аңызға айналған теннисші Қазақстан құрамасымен кездесті

© Photo : Кубок ДэвисаБилли Джин Кинг Қазақстан құрамасымен кездесті
Билли Джин Кинг Қазақстан құрамасымен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Жазылу
АСТАНА 11 қараша – Sputnik. Атақты теннисші Билли Джин Кинг Шотландияның Глазго қаласында командалық әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан құрамасымен кездесті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
"Үлкен дулыға" турнирлерін 39 рет (12-сі – жекелей, 16-сы – жұптық сында, 11-і – миксте) ұтқан теннисші Қазақстан ұлттық құрамасы мүшелерімен арнайы жолықты.
Билли Джин қазақстандықтарды әлем чемпионатының финалдық кезеңінде алғаш рет өнер көрсетуімен құттықтап, табыс тіледі.
Қазақстан құрамасының капитаны Ярослава Шведова Кингтің сауалдарына жауап берді. Атақты теннисші осы спорт түрінің дамуы, әсіресе, әйелдер мен жеткіншек қыздар арасында қандай деңгейде екендігі туралы сұрады. Ярослава біздің елдегі теннистің қазіргі жай-күйі, болашағы жөнінде әңгімелеп берді.
2020 жылдың күзінде халықаралық теннис федерациясы әйелдер арасында командалық әлем чемпионатының атауын өзгерту туралы шешім қабылдағаны белгілі.
Федерация кубогы Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) негізін қалаушылардың бірі Билли Джин Кинг кубогы болып аталды.
Аружан Сағындықова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Аружан Сағындықова Түркиядағы турнирдің финалына шықты
Жаңалықтар
0