Аружан Сағындықова Түркиядағы турнирдің финалына шықты

Аружан Сағындықова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. 17 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Анталияда (Түркия) өтіп жатқан ITF W25 турнирінің жұптық сынның финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Аружан қытайлық Ю-Юн Лимен бірге жартылай финалда қазақстандықтар Жанель Рүстемова - Сандуғаш Кенжебаевамен шеберлік байқасты.
Аружан мен Ли айқын басымдық танытты - 6:1, 6:3.
Ертең олар ресейлік апалы-сіңлілі Золотаревалармен бас жүлдені сарапқа салады.
Аружан жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, тартысты матчта сербиялық Наталия Сеничке жол берді - 6:3, 1:6, 5:7.
Жаңалықтар
0