Өңірлер

Жетісу облысында 3 ай бұрын жоғалған қыз табылды

CC0 / pixabay.com / Қыздың бейнесі
Қыздың бейнесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Жетісу облысында 3 ай бұрын жоғалған 22 жастағы қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тамыз айының басында Ескелді ауданының полиция бөліміне қызын іздеуге көмек сұраған Бақтыбай ауылының тұрғыны жүгінген. Ол үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеушілермен бірлесіп, ол қай жерде жүргенін анықтай алды.
"Оқиға Бақтыбай ауылында болған. Қыз көршілес Алматы облысы аудандарының бірінен табылды", – делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Алматы облысында 40 күн бойы іздеу жарияланған жасөспірім табылды
Жаңалықтар
0