https://sputnik.kz/20221026/almaty-oblysynda-40-kun-boyy-izdeu-zhariyalangan-zhasospirim-tabyldy-28777518.html
Алматы облысында 40 күн бойы іздеу жарияланған жасөспірім табылды
Алматы облысында 40 күн бойы іздеу жарияланған жасөспірім табылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 қазан — Sputnik. Алматы облысының полицейлері 40 күн бойы іздеуде болған Қасейін Мұралды іздеп тапты, деп хабарлайды облыстық полиция... 26.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-26T15:00+0500
2022-10-26T15:00+0500
2022-10-26T15:00+0500
жоғалып кеткен бала
https://sputnik.kz/img/914/72/9147244_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_203eb493357cdf1b967fd4fba47243ca.jpg
АЛМАТЫ, 26 қазан — Sputnik. Алматы облысының полицейлері 40 күн бойы іздеуде болған Қасейін Мұралды іздеп тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.14 жастағы жасөспірім 11 қыркүйек күні жоғалған және бүгінгі күнге дейін оның қайда екені белгісіз болған. Айта кетері, Қасейін Мұрал бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашып кетіп, полицейлер тауып әкеп жүрген. Жасөспірім әкесімен және өгей анасымен тұрады. Ол Қытайдағы ата-әжесіне кеткісі келетінін жиі айтатын көрінеді.Бұл жолы тым ұзаққа із-түзсіз кеткен жасөспірімді іздеуге облыс полициясының жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу іс-шараларына еріктілер де қатысты. Нәтижесінде кәмелетке толмаған бала Талғар ауданының Сақтан кентінен табылды. Жасөспірімнің 40 күннен астам уақыт бойы ата-анасынан жасырынып жүргені белгілі болды. Ол далада өмір сүріп, адамдардың көзіне түспеуге тырысқан.Осыған байланысты облыстық қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ювеналды полиция баланың болашақ тағдыры туралы мәселені қарауды жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/914/72/9147244_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_43e4304d3aba926372b1b0d7d88ae7df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоғалып кеткен бала
Алматы облысында 40 күн бойы іздеу жарияланған жасөспірім табылды
АЛМАТЫ, 26 қазан — Sputnik. Алматы облысының полицейлері 40 күн бойы іздеуде болған Қасейін Мұралды іздеп тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
14 жастағы жасөспірім 11 қыркүйек күні жоғалған және бүгінгі күнге дейін оның қайда екені белгісіз болған. Айта кетері, Қасейін Мұрал бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашып кетіп, полицейлер тауып әкеп жүрген. Жасөспірім әкесімен және өгей анасымен тұрады. Ол Қытайдағы ата-әжесіне кеткісі келетінін жиі айтатын көрінеді.
Бұл жолы тым ұзаққа із-түзсіз кеткен жасөспірімді іздеуге облыс полициясының жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу іс-шараларына еріктілер де қатысты. Нәтижесінде кәмелетке толмаған бала Талғар ауданының Сақтан кентінен табылды. Жасөспірімнің 40 күннен астам уақыт бойы ата-анасынан жасырынып жүргені белгілі болды. Ол далада өмір сүріп, адамдардың көзіне түспеуге тырысқан.
"Қазіргі уақытта жасөспірім үйіне оралып, туыстары мен жақындарының ортасында. Баланың әкесі полицейлерге және баланы іздеуге көмектескен еріктілердің барлығына алғысын білдірді. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің үйден бірнеше рет қашып кеткені және ата-анасымен бірге тұрудан бас тартқаны белгілі болды", - дейді полиция мамандары.
Осыған байланысты облыстық қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ювеналды полиция баланың болашақ тағдыры туралы мәселені қарауды жоспарлап отыр.