Білім

Үздік оқыған оқушылар емтиханнан босатылады – министрлік ұсынысы

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЕмтихан
Емтихан - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 10 қараша - Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі "Алтын белгі" беру туралы бұйрыққа өзгеріс енгізуді ұсынды. Оған сәйкес, биылғы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша үздік оқыған және соңғы үш жыл бойы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған үміткерлер қорытынды емтихандар тапсырудан босатылады, деп жазылған министрліктің ресми сайтында.
Бұған дейін "Алтын белгіге" үміткер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қорытынды аттестация кезінде жазғы оқу-жаттығу жиындарында болып, халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға дайындалған. Ал мектепте емтихан тапсыра алмаса, автоматты түрде "Алтын белгі" белгісінен айырылатын.

"Енді түлектер үшін сол белгіні алуға мүмкіндік болады. Ол үшін "үздік" деген баға болуы керек. Қазір дарынды балаларды қолдау мақсатында жан-жақты жұмыс атқарылып жатыр. Бұл өзгеріс те балалардың мүддесі үшін қабылданды", - дейді орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Осылайша, 11-сынып түлектері халықаралық олимпиадаларға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына қатысқан жағдайда қорытынды аттестациядан босатылуы мүмкін.
Айта кетері, биыл президент тапсырмасымен халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы алғаш рет 76 миллион теңгеден астам сыйақы алды. Сондай-ақ, оқушылар жергілікті жоғары оқу орындарына грантқа түсті.
Алтын медаль алған оқушы 1 500 АЕК (1 АЕК - 3 063 теңге), күміс медаль 1 000 АЕК, қола медаль 500 АЕК көлемінде сыйақы алады. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған тәлімгер ұстаздар да бір реттік сыйақыға ие болды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілден емтихан тапсырады
Жаңалықтар
0