https://sputnik.kz/20221110/qazaqstan-azamattygyn-algysy-keletinder-memlekettik-tilden-emtikhan-tapsyrady-29205256.html
Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілден емтихан тапсырады
Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілден емтихан тапсырады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілден міндетті түрде емтихан тапсыру талабы енгізіледі. Бұл туралы премьер-министр... 10.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-10T13:01+0500
2022-11-10T13:01+0500
2022-11-10T13:34+0500
азаматтық
https://sputnik.kz/img/585/50/5855035_0:0:2768:1557_1920x0_80_0_0_069dbe439d959113ed0419ff1cef8f25.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілден міндетті түрде емтихан тапсыру талабы енгізіледі. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде үкімет азаматтық алу үшін мемлекеттік тілден емтихан тапсыру міндетін енгізуге қатысты заң жобасын әзірледі. Жақын арада осы құжат парламенттің қарауына түседі.Оның айтуынша, бүгінде көптеген елде ондай талап бар. Мемлекеттік тілден бөлек, сол елдің тарихын да білу керек. Соның ішінде Германия, Түркия, Канада мен Ресей бар. Тіл білудің арқасында қоғамда жылдам бейімделуге мүмкіндік алады."Ондай емтиханды тапсыру керек деп ойлаймыз. Енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетін адамдар осы талапқа сәйкес келуі керек", - деп атап өтті Смайылов.Ал этникалық қазақтар мен кәмелет жасқа толмаған балалар емтиханнан босатылады. Сондай-ақ жеңілдетілген тәртіппен құжат алатын азаматтар да емтихан тапсырмайды. Ол үшін Қазақстанда ұлты қазақ жақын туыстары тұруы керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/585/50/5855035_0:0:2396:1797_1920x0_80_0_0_efc6a6b3c27ad3eba60ec5b6a932a361.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азаматтық
Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілден емтихан тапсырады
13:01 10.11.2022 (жаңартылды: 13:34 10.11.2022) АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілден міндетті түрде емтихан тапсыру талабы енгізіледі. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде үкімет азаматтық алу үшін мемлекеттік тілден емтихан тапсыру міндетін енгізуге қатысты заң жобасын әзірледі. Жақын арада осы құжат парламенттің қарауына түседі.
"Осы нормалар үкіметте келісіліп жатыр. Жалпы, біз оны қолдаймыз және заңнамаға енгізу керек деп санаймыз", - деді Смайылов сенат отырысынан кейінгі брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде көптеген елде ондай талап бар. Мемлекеттік тілден бөлек, сол елдің тарихын да білу керек. Соның ішінде Германия, Түркия, Канада мен Ресей бар. Тіл білудің арқасында қоғамда жылдам бейімделуге мүмкіндік алады.
"Ондай емтиханды тапсыру керек деп ойлаймыз. Енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетін адамдар осы талапқа сәйкес келуі керек", - деп атап өтті Смайылов.
Ал этникалық қазақтар мен кәмелет жасқа толмаған балалар емтиханнан босатылады. Сондай-ақ жеңілдетілген тәртіппен құжат алатын азаматтар да емтихан тапсырмайды. Ол үшін Қазақстанда ұлты қазақ жақын туыстары тұруы керек.