Өңделмеген балықты елден шығаруға шектеу енгізіледі

© Sputnik / Тимур БатыршинБалық
Балық - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңделмеген балықты шетелге шығаруға шектеу қою мүмкіндігін қарастыруға тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Атырау облысына жұмыс сапарымен барған президент өңірдің балық шаруашылығына ерекше тоқталды.
"Осы жердің ауланған балығы Ресей, Әзербайжан, Израиль сияқты елдерге экспортталып жатыр. Көбіне мұздатылған, өңделмеген шикі балық жіберіледі", - деді Тоқаев жергілікті халықпен болған кездесуде.
Оның айтуынша, бүгінде дайын өнім экспортын ұлғайтуға мол мүмкіндік бар. Бұған облыстағы балық кәсіпорындарының шамасы да жетеді.
"Олардың жұмысын халықаралық сапа стандартына сәйкес келтіру керек. Сондықтан, қазіргі жағдайды ескере отырып, өңделмеген балықты шетелге шығаруға шектеу қою мүмкіндігін қарастыру қажет деп санаймын", - дейді Тоқаев.
Қазіргі кезде Атырау облысында бекіре балығын өсіретін және қара уылдырық өндіретін екі шаруашылық бар. 2025 жылға дейін тағы 8 кәсіпорын ашылады деген жоспар бар.
Президент осындай шаруашылықты дамыту үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасап, жастарды көптеп тарту қажет деп санайды. Ол үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетілуі шарт. Ал жергілікті билік үшін балық шаруашылығын дамыту басты міндеттің бірі болуға тиіс.
Қазмұнайгаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2022
Экономика
Тоқаев "Қазмұнайгазға" Атырауда үлкен мұнай қоймасын салуды тапсырды
Жаңалықтар
0