https://sputnik.kz/20221107/qantar-oqigasy-kezinde-5-mynnan-astam-azamat-zardap-shekti--bas-prokuratura-29112260.html
Қаңтар оқиғасы кезінде 5 мыңнан астам азамат зардап шекті – бас прокуратура
Қаңтар оқиғасы кезінде 5 мыңнан астам азамат зардап шекті – бас прокуратура
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде республика бойынша бес мыңнан астам адам жарақат алды. Оның төрт мыңға жуығы – құқық қорғау органдарының... 07.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-07T14:38+0500
2022-11-07T14:38+0500
2022-11-07T16:58+0500
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22526192_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_77252eeb4ab5ffb8736025af402a3e2f.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде республика бойынша бес мыңнан астам адам жарақат алды. Оның төрт мыңға жуығы – құқық қорғау органдарының қызметкерлері, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қаңтар оқиғасы кезінде ел бойынша 1151 азамат жарақат алды, 3998 қоғамдық тәртіп қызметкері зардап шекті", - деді Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов брифингте.Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 100 млрд теңгеден астам залал келген, соның ішінде бизнес субъектілеріне – 92 млрд теңге.Бұдан бөлек, жүздеген ғимарат пен көлік өртенді.Қилымжановтың ақпаратынша, қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Оның ішінде терроризм актілері бойынша – 27 іс, жаппай тәртіпсіздіктер бойынша – 131, адам өлтіру бойынша – 146.1612 адам күдікті деп танылды, оның ішінде 787 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан.Ұсталғандар арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бар. Сондай-ақ 126 күдікті бұған дейін адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық бойынша сотты болған.
https://sputnik.kz/20221104/qantar-oqigasy-24-adam-azaptagan-politseyler-29037511.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22526192_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_e10d6a2face5e636e7d05b3c5b6da4cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы кезінде 5 мыңнан астам азамат зардап шекті – бас прокуратура
14:38 07.11.2022 (жаңартылды: 16:58 07.11.2022) АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде республика бойынша бес мыңнан астам адам жарақат алды. Оның төрт мыңға жуығы – құқық қорғау органдарының қызметкерлері, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қаңтар оқиғасы кезінде ел бойынша 1151 азамат жарақат алды, 3998 қоғамдық тәртіп қызметкері зардап шекті", - деді Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов брифингте.
Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 100 млрд теңгеден астам залал келген, соның ішінде бизнес субъектілеріне – 92 млрд теңге.
Бұдан бөлек, жүздеген ғимарат пен көлік өртенді.
Қилымжановтың ақпаратынша, қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Оның ішінде терроризм актілері бойынша – 27 іс, жаппай тәртіпсіздіктер бойынша – 131, адам өлтіру бойынша – 146.
1612 адам күдікті деп танылды, оның ішінде 787 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан.
Ұсталғандар арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бар. Сондай-ақ 126 күдікті бұған дейін адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық бойынша сотты болған.