Қазақстанның ең үздік елу ғалымы 6 млн теңгеден алады

© Photo : СС0 / Konstantin KolosovМикроскоп
Микроскоп - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығына байқау жариялады.
"Байқаудың қорытындысы бойынша еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындалады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 айлық есептік көрсеткіш, яғни 6 126 000 теңге болады", - деп хабарлады министрлік.
Айта кетері, өткен жылы байқау жеңімпаздарына 5 834 000 теңгеден берілді. Конкурстың мақсаты – отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта 3 желтоқсанға дейін қабылданады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Білім
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының жеңімпазына 6 млн теңге беріледі
Жаңалықтар
0