Қоғам

Маман болжам жасады: қазақстандықтарды қараша айында не күтіп тұр

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова қараша айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлемде шиеленіс күшейеді

Әбдірайымованың айтуынша, 22 қарашаға дейін Күн Сарышаян зодиак белгісінде орналасады. Бұл трансформацияны білдіреді.
"Осы айда әлемде шиеленіс күшейіп, экономикалық жағдай нашарлай түседі. Күн, сондай-ақ, мемлекет басшыларына, саясаткерлерге жауап береді. Айдың алғашқы онкүндігінде билік өкілдері асығыс шешім қабылдап, қателікке бой алдыруы мүмкін. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Бүкіл әлемде халықтың наразылығы артады, соғысқа, қымбатшылыққа, жемқорлыққа қарсы жаппай митингке, ереуілге шығады. Адамдардың көбісі бұл кезеңде негативті ғана байқайды. Сенімсіздік, ішкі жан-дүниесіндегі тартыс, қарама-қайшылық аласұрады. Өз өміріндегі сәтсіздіктерден түңіліп, өзгелерге де бақытсыздық тілейді", - дейді маман.
Жұлдызнамашы, әсіресе, қарашаның соңы мен желтоқсан айы Ресей үшін өте қиын кезең екенін атап өтті. Бұл аралықта биліктің мобилизациялық шаралары қайта жандануы мүмкін. Көптеген елде күштік құрылымдар нығаяды. Десе де, қараша айынан бастап уағдаластыққа, бітімге келуге алғашқы қадам жасалады деген болжам бар. Бірақ бұл көпшілікке жария түрде емес, жасырын жүзеге асады.
Сондай-ақ Әбдірайымова айдың басында электр энергиясымен қамтамасыз етуде іркіліс болуы мүмкін екенін ескертті. Оған стансалардағы төтенше жағдай, табиғи апат себеп болуы ықтимал.

Айдың тұтылуымен байланысты өзгерістер

8 қарашада Ай тұтылады. Астрономиялық құбылыс банк саласына жаңа ережелер әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар Ай – бұл халық. Яғни осы кезеңде көптеген мемлекетте наразы халық көшеге шығады.
"Германия, Израиль, Иордания, Румыния, АҚШ, тіпті көрші Қырғызстанда жағдай тыныш болмайды. Желтоқсан айында Қазақстанда құбырларда, мұнай және мұнай өнімдері өндірісінде апат, ал элита арасында талас-тартыс болуы мүмкін. Посткеңестік кеңістікте әскери одақ құру туралы мәселе көтеріледі. Жоғарыдағы тұлғалар ел ішіне іріткі салып, жұртты арандатып, хаосқа итермелеуі мүмкін", - деді астролог.

Доллардың дәурені

Әбдірайымованың айтуынша, күз мезгілінің соңында доллар одан әрі қымбаттай түседі. Америкалық валютаның шарықтау шыңы – желтоқсан айы мен 2023 жылдың көктемі деп болжанып отыр. Содан кейін доллар бағамының өсуі тоқтап, шетелдік валюта керісінше біртіндеп арзандайды.
Осы орайда маман азаматтарға алдағы жарты жылда қолма-қолма ақша ұстауға кеңес берді.
"Алдағы жарты жыл ішінде, осы қарашаның ортасынан бастап кейбір банктер жабылып, биржада проблемалар болуы мүмкін. Адамдар қолма-қол ақшаны шешіп алуда қиындықтарға тап болады", - дейді ол.
Бұдан бөлек, қарашаның екінші жартысынан бастап мұнай бағасы төмендейді деп күтілуде.

Ай күндеріне болжам

1-3 қараша – ішкі тартыс күшейеді, адам өз басына өзі бәле тілеп алады. Өзіне және айналасындағыларға көңілі толмайды, ашушаң келеді.
4-5 қараша – сабырлық танытып, түйткілдің түйінін тарқатуға тырысқан жөн: асығыстық пен алаңғасарлық көңілге қаяу түсіруі мүмкін.
6-9 қараша – өткенді қазбалай берудің қажеті жоқ, өзгелерді сынаудан аулақ болыңыз.
Сондай-ақ осы кезеңде, әсіресе 8, 9 және 17 мен 24 қараша аралығында жол апаты жиілейді, сақ болыңыздар.
10-11 қараша – күйзеліс уақыты, бұл күндері йогамен айналысқан абзал.
11 қараша – екіжүзділік, батылсыздық, ұйқысыздық.
12-17 қараша – энергия алмасады, соның әсерінен өмірге құштарлық оянады, болашаққа сенім пайда болады. Келіссөз, кездесулер мен таныстыққа таптырмас кезең.
18-23 қараша – барлық ақпаратты ой елегінен өткізіп, талдау жасаған дұрыс. Жалған хабар, бұрмалаушылық жиі ұшырасады. Уағдаластық бұзылып, алаяқтар мен арандатушылар белсенді әрекетке көшеді. Ішімдік пен есірткіден бас тартып, рөлге отырғанда абай болу керек.
24 қарашадан бастап оптимизм күшейеді, айдың соңына дейінгі кезең жемісті әрі өнімді болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2022
Қоғам
Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді
Жаңалықтар
0