https://sputnik.kz/20221103/ayelin-liftide-soqqyga-zhyqqan-er-adam-sottaldy-29030038.html
Әйелін лифтіде соққыға жыққан ер адам сотталды
Әйелін лифтіде соққыға жыққан ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Әйелін лифтіде аяусыз соққыға жыққан ер адамға сот үкім шығарды, деп хабарлады Almaty.tv. 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T20:05+0500
2022-11-03T20:05+0500
2022-11-03T20:05+0500
лифт
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Әйелін лифтіде аяусыз соққыға жыққан ер адамға сот үкім шығарды, деп хабарлады Almaty.tv.Астана қалалық Есіл ауданының №2 аудандық соты оны кінәлі деп танып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына сотталушыдан 2 миллион теңге сомасында моральдық өтемақы және 4 миллион теңгеден аса мөлшерде материалдық залал өндіріледі."Жазаны өтеу үкімі заңды күшіне енгеннен бастап есептелсін. Қылмыстық кодекстің 62-бабы 3-бөлігіне сәйкес, 2022 жылдың 3 қарашасынан үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақыты 1 күн. Қылмыстық атқару жүйесінің орташа ауыр мекемесінде жазасын өтеу 1,5 күн мерзімімен есептелсін", – деді Есіл ауданы №2 аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов.Сотталушының қолына кісен тағып, тура сот залынан түрмеге алып кетті. Ал оның қорғаушылары 14 күн ішінде аппеляциялық шағым беретінін айтты."Соттың шешімімен келісеміз. Қылмыстың өзі қоғамдық орында болды. Соққының қатты болғаны сонша әйелдің омыртқасы сынып кеткен. Қазір екі баласы да анасының қолында. Күйеуі әйеліне осылай оныншы рет қол көтергені де айтылды. Қазір екеуі ажырасып, сотталушы алимент төлеп отыр", – деді адвокаттар алқасының мүшесі Саида Сүлейменова.
https://sputnik.kz/20220517/nur-sultan-ayel-lift-politsiya-tergeu-24871183.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
лифт, зорлық-зомбылық
Әйелін лифтіде соққыға жыққан ер адам сотталды
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Әйелін лифтіде аяусыз соққыға жыққан ер адамға сот үкім шығарды, деп хабарлады
Almaty.tv. Астана қалалық Есіл ауданының №2 аудандық соты оны кінәлі деп танып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына сотталушыдан 2 миллион теңге сомасында моральдық өтемақы және 4 миллион теңгеден аса мөлшерде материалдық залал өндіріледі.
"Жазаны өтеу үкімі заңды күшіне енгеннен бастап есептелсін. Қылмыстық кодекстің 62-бабы 3-бөлігіне сәйкес, 2022 жылдың 3 қарашасынан үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақыты 1 күн. Қылмыстық атқару жүйесінің орташа ауыр мекемесінде жазасын өтеу 1,5 күн мерзімімен есептелсін", – деді Есіл ауданы №2 аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов.
Сотталушының қолына кісен тағып, тура сот залынан түрмеге алып кетті. Ал оның қорғаушылары 14 күн ішінде аппеляциялық шағым беретінін айтты.
"Соттың шешімімен келісеміз. Қылмыстың өзі қоғамдық орында болды. Соққының қатты болғаны сонша әйелдің омыртқасы сынып кеткен. Қазір екі баласы да анасының қолында. Күйеуі әйеліне осылай оныншы рет қол көтергені де айтылды. Қазір екеуі ажырасып, сотталушы алимент төлеп отыр", – деді адвокаттар алқасының мүшесі Саида Сүлейменова.