Қоғам

Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін лифтіде тепкілеп тастады – полиция тергеуді бастады

© Sputnik / Табылды КадырбековКулак, иллюстративное фото
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Жазылу
Ер адам оны ертесінде тағы асқан қатыгездікпен ұрған
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында ер адам лифтіде әйелін тепкілеп тастады. Полиция тергеу шаралары бастады. Ал күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат тапсырып босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде лифтіге кірге әйелді қатыгездікпен ұрған ер адамның видеосы тарады. Ол алдымен жұбайын шашынан тартып, жерге құлатқан. Одан кейін тепкілей бастайды. Әйел тұрғанда тағы жұдырықпен бірнеше жерден ұрған.
Қалалық полиция департаменті осы оқиғаның Есіл ауданында болғанын растады. Сол ауданның полицейлер Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша тергеу шаралары бастады.
"Жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген. Күдіктіге қатысты "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат" түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда", - дейді тәртіп сақшылары.
Ал "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жәбір көрген әйелдің тергеу шараларына қанағаттанбай жатқанын мәлімдеді. Ер адам оны ертесінде тағы асқан қатыгездікпен ұрған. Бірақ полицейлер осы мәліметті тіркеуге алмады.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 2-тармағының 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру, аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған әрекет) бойынша 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал оған бірнеше рет жасалған ондай әрекет үшін жаза күшейтілуі мүмкін.
Жаңалықтар
0