Қазақстан ТМД-дағы төрағалық эстафетасын Қырғызстанға тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневТМД үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы отырысы
ТМД үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Келесі жылы ТМД-ға Қырғызстан төрағалық етеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өздеріңізге белгілі, жуырда өткен Астана саммиті барысында Достастықтағы төрағалық эстафетасы Қырғыз Республикасына тапсырылды. Осыған байланысты қырғыз достарымды осы маңызды әрі құрметті миссиямен құттықтаймын", - деді Смайылов Астанада өткен ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында.
Ол биыл ТМД-ға Қазақстан төрағалық еткенін атап өтті. Осы кезеңде республика барлық бағытта өзара іс-қимылды тереңдету бойынша үлкен жұмыс жүргізді.
Айта кетері, ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы 2 маусымда Бішкекте өтеді.
ТМД үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2022
ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Сочиде өтеді
Жаңалықтар
0