https://sputnik.kz/20221028/tmd-ukimet-basshylary-kenesinin-kezekti-otyrysy-bishkekte-otedi-28854880.html
ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Сочиде өтеді
ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Сочиде өтеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі... 28.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-28T12:53+0500
2022-10-28T12:53+0500
2022-10-28T13:23+0500
тмд
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1c/28848292_0:63:1280:783_1920x0_80_0_0_bad2b6f9839cdcebe1e75564ee9a4adf.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов отырыстан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Келесі жылы төрағалық ететін Қырғыз Республикасының ұсынысымен ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2023 жылы 7 маусымда Сочи қаласында өткізу туралы шешім қабылданды", - деді ол.Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті.Маңызды жиынға Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан премьері Али Асадов, Беларусь премьері Роман Головченко, Тәжікстан премьері Кохир Расулзода, Өзбекстан премьері Абдулла Арипов, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Армения вице-премьер-министрі Мгер Григорян және Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысты.ТМД үкімет басшылары кеңесі экономикалық, әлеуметтік және ортақ мүддені көздейтін басқа да салаларда атқарушы билік органдарының ынтымақтастығын үйлестіреді.Биыл ТМД-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1c/28848292_77:0:1204:845_1920x0_80_0_0_d90f74f6f7c2faccc717ffab9a9b4248.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд
ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Сочиде өтеді
12:53 28.10.2022 (жаңартылды: 13:23 28.10.2022) АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов отырыстан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Келесі жылы төрағалық ететін Қырғыз Республикасының ұсынысымен ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2023 жылы 7 маусымда Сочи қаласында өткізу туралы шешім қабылданды", - деді ол.
Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Маңызды жиынға Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан премьері Али Асадов, Беларусь премьері Роман Головченко, Тәжікстан премьері Кохир Расулзода, Өзбекстан премьері Абдулла Арипов, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Армения вице-премьер-министрі Мгер Григорян және Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысты.
ТМД үкімет басшылары кеңесі экономикалық, әлеуметтік және ортақ мүддені көздейтін басқа да салаларда атқарушы билік органдарының ынтымақтастығын үйлестіреді.
Биыл ТМД-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.