Елордада 60 отбасыға көмек көрсетілді

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Астанада Республика күніне орай 60 отбасыға азық-түлік таратылды.
Қазақстан халқы ассамблеясының елордадағы өкілдері тұрмысы төмен, көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар отбасыларға, мүгедек азаматтарға шағын азық-түлік себеттерін тапсырды, деп хабарлады Хабар 24.
"Қайырымдылық шарасы "Жанашыр жүрек" республикалық қайырымдылық акциясы аясында өткізіліп жатыр. Бүгінгі күні Ассамблея құрамындағы елордалық этномәдени орталықтардың өкілдері демеушілік жасап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созып жатыр. Көмекті 60-қа жуық отбасы алады", - деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім мекемесі басшысының орынбасары Нүркен Әбдіғали.
Теңге, ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 227,4 млрд теңге жәрдемақы төленді
Жаңалықтар
0