https://sputnik.kz/20220922/zhyl-basynan-beri-kopbalaly-otbasylarga-2274-mlrd-tenge-zhardemaqy-tolendi-27767914.html
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 227,4 млрд теңге жәрдемақы төленді
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 227,4 млрд теңге жәрдемақы төленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 227,4 млрд теңгеге жәрдемақы алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау... 22.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-22T09:23+0500
2022-09-22T09:23+0500
2022-09-22T09:23+0500
көпбалалы отбасы
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 227,4 млрд теңгеге жәрдемақы алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға – 76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді.Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көпбалалы отбасы, жәрдемақы
көпбалалы отбасы, жәрдемақы
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 227,4 млрд теңге жәрдемақы төленді
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 227,4 млрд теңгеге жәрдемақы алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
"Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 501,2 мың отбасы қамтылды, оның ішінде тамыз айында 501,4 мың отбасына 28,8 млрд теңге жәрдемақы төленді", - деп нақтылады ведомство.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға – 76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді.
Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.