https://sputnik.kz/20221018/qazaqstandyq-oqushylar-otbasy-28584966.html
Оқушыларға отбасын құрметтеуді үйретеді - премьер тапсырмасы
Оқушыларға отбасын құрметтеуді үйретеді - премьер тапсырмасы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов мектеп оқушыларына отбасына құрмет пен үйдегі тәртіп ережелерін сіңіруді тапсырды, деп хабарлайды... 18.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-18T11:19+0500
2022-10-18T11:19+0500
2023-08-09T09:58+0500
білім
қазақстан
отбасы
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_865e189718fe035e2479aed1a6944676.jpg
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов мектеп оқушыларына отбасына құрмет пен үйдегі тәртіп ережелерін сіңіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Смайыловтың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бойынша ақпарат науқанын жүргізу қажет. Ол зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды оңалту мәселесіне көңіл бөлу керек екенін атап өтті. Премьердің айтуынша, оларға тек медициналық қана емес, білікті мамандардың психологиялық, құқықтық көмегі де қажет. Өңірлерде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс және уақытша бейімдеу орталықтары жетіспейді. Осыған байланысты Смайылов әкімдіктерге олардың санын көбейтуді, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық мекемелер желісін кеңейту шараларын қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибені ескере отырып, құқықбұзушыларға психологиялық терапия шараларын қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтты.
https://sputnik.kz/20221018/qazaqstan-mas-adamdardy-ayyqtyratyn-oryn-28574984.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_c36257e308b0a10aa796bc4c282abb8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, отбасы, оқушы
Оқушыларға отбасын құрметтеуді үйретеді - премьер тапсырмасы
11:19 18.10.2022 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов мектеп оқушыларына отбасына құрмет пен үйдегі тәртіп ережелерін сіңіруді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Смайыловтың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бойынша ақпарат науқанын жүргізу қажет.
"Оқу-ағарту министрлігі балалардың бойына отбасына құрмет және үйдегі тәртіп ережелерін сіңіру үшін "мектеп сағатын" ойластырсын", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Ол зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды оңалту мәселесіне көңіл бөлу керек екенін атап өтті.
Премьердің айтуынша, оларға тек медициналық қана емес, білікті мамандардың психологиялық, құқықтық көмегі де қажет. Өңірлерде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс және уақытша бейімдеу орталықтары жетіспейді. Осыған байланысты Смайылов әкімдіктерге олардың санын көбейтуді, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық мекемелер желісін кеңейту шараларын қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, халықаралық тәжірибені ескере отырып, құқықбұзушыларға психологиялық терапия шараларын қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтты.