https://sputnik.kz/20221018/qazaqstan-mas-adamdardy-ayyqtyratyn-oryn-28574984.html
Қазақстанда мас адамдарды айықтыратын орындар өте аз – министр
Қазақстанда мас адамдарды айықтыратын орындар өте аз – министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елімізде мастарды айықтыратын орындар өте аз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik... 18.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-18T09:21+0500
2022-10-18T09:21+0500
2022-10-18T09:21+0500
қоғам
қазақстан
мас
https://sputnik.kz/img/177/29/1772957_0:30:4289:2442_1920x0_80_0_0_e4e27e5eb8f4a23735e15de88fe3f814.jpg
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елімізде мастарды айықтыратын орындар өте аз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, күнделікті өмірде қылмыстардың көбі мас күйде жасалады. БОларды оқшаулау мәселесі әлі шешілген жоқ. "Еліміз бойынша 778 орынға арналған 35 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді. Бұл өте аз", - деді Ахметжанов үкімет отырысында. Мысалы, Өскеменде 20 төсек-орынға арналған бір ғана мекеме жұмыс істейді. Полицейлер жеткізген 7 мың құқықбұзушының 5 мыңы ғана орналастырылған.Сол сияқты Павлодарда 24 төсек-орны бар бір ғана мекеме бар. Ал Көкшетауда мүлде жоқ. Айтуынша, мәжбүрлеп емдеуді қажет ететін созылмалы "маскүнемдер" үшін де төсек-орын тапшылығы бар. Еліміз бойынша бар-жоғы 20 ғана мамандандырылған наркологиялық мекеме жұмыс істейді. Бұл ретте, оларға азаматтарды жіберу процедурасы аса бюрократияға айналып кеткен. Ал, наркологиялық мекемелердің медицина қызметкерлері мен наркологтар тиісті шешім қабылдағысы келмейді. Нәтижесінде, полицейлер көбінесе бұл мәселемен тек өздері жүгіреді. Тіпті өзінің жеке қаражатын жұмсауға мәжбүр, деді министр.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/177/29/1772957_168:0:3965:2848_1920x0_80_0_0_b0b9c483f442ec679b4730deaee44576.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, мас
Қазақстанда мас адамдарды айықтыратын орындар өте аз – министр
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елімізде мастарды айықтыратын орындар өте аз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, күнделікті өмірде қылмыстардың көбі мас күйде жасалады. БОларды оқшаулау мәселесі әлі шешілген жоқ.
"Еліміз бойынша 778 орынға арналған 35 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді. Бұл өте аз", - деді Ахметжанов үкімет отырысында.
Мысалы, Өскеменде 20 төсек-орынға арналған бір ғана мекеме жұмыс істейді. Полицейлер жеткізген 7 мың құқықбұзушының 5 мыңы ғана орналастырылған.Сол сияқты Павлодарда 24 төсек-орны бар бір ғана мекеме бар. Ал Көкшетауда мүлде жоқ.
"Жалпы еліміз бойынша 594 орынға арналған тағы 32 мекеме қажет", - деді ол.
Айтуынша, мәжбүрлеп емдеуді қажет ететін созылмалы "маскүнемдер" үшін де төсек-орын тапшылығы бар. Еліміз бойынша бар-жоғы 20 ғана мамандандырылған наркологиялық мекеме жұмыс істейді. Бұл ретте, оларға азаматтарды жіберу процедурасы аса бюрократияға айналып кеткен.
Ал, наркологиялық мекемелердің медицина қызметкерлері мен наркологтар тиісті шешім қабылдағысы келмейді. Нәтижесінде, полицейлер көбінесе бұл мәселемен тек өздері жүгіреді. Тіпті өзінің жеке қаражатын жұмсауға мәжбүр, деді министр.