Спорт

Головкин титулын қорғауға міндеттелді - қарсыласы кім болады

© AFP 2024 / SARAH STIERГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. WBA мен IBF бірлескен шешім шығарды. Оған сәйкес, осы екі тұжырым бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) өз титулын бразилиялық Эскива Фалькаоға (30-0, 20 KO) қарсы жекпе-жекте қорғауға міндетті, деп хабарлайды Boxingscene.com.
Боксшыларға ресми хат түскеннен кейін келіссөз басталады. Оған Головкиннің жеке промоушені - GGG Promotions, ал Фалькаоның атынан Боб Арумның Top Rank компаниясы қатысады.
Айта кетері, бұған дейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) өзінің орта салмақтағы "супер чемпионы" Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті үміткермен - кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жек өткізуге қаулы шығарған болатын.
Келіссөзге 30 күн берілген. Ал WBA мен IBF-нің бірлескен шешімінен кейін Лара тағы бір жекпе-жек өткізіп, артынан Головкин-Фалькао жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтаса алады. Бірақ бұл үшін екі боксшы бір келісімге келуі керек.
Головкин - Альварес, дуэль взглядов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2022
Спорт
GGG жеңіліп қалды - трилогияның соңы
Жаңалықтар
0