https://sputnik.kz/20220918/ggg-zhenilip-qaldy-27673440.html
GGG жеңіліп қалды - трилогияның соңы
GGG жеңіліп қалды - трилогияның соңы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 18.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-18T09:48+0500
2022-09-18T09:48+0500
2023-08-09T12:23+0500
спорт
геннадий головкин
https://sputnik.kz/img/07e6/06/19/25758969_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_0b60da502f596c1321f3dd3e2598dcb8.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бірінші раундта боксшылар бір-бірін зерттеп жүрді. Екінші раундта Канелоның құлаштай ұрған бірнеше соққысы өтіп кетті. Ал Головкин джебпен ұпай жинады. Үшінші раундта мексикалық боксшы сериялық соққысын дарыта білді. Генаның маңдайы көгеріп қалды. Төртінші раунда Альварестің қарқыны бәсеңдеген жоқ, хукпен қатты ұрды. Бірақ Головкин де қарап қалмады, бірнеше соққысын дәл тигізді. Генаның маңдайы қызарып кетті. Төрт раундтың қорытындысы бойынша Канело айқын басымдықпен алға шықты. Есеп – 4:0 . Бесінші раунда Альварестің соққысы Генаның шықшытына қатты тиді, қазақстандық боксшы артқа шегініп қалды. Бірақ тағы алға ұмтылды. Алтыншы раундта екеуі бірдей жұдырықтасты. Одан кейін Головкин қарсыласына біртіндеп қысым жасай бастады. Бірақ мексикалық боксшы барлық шабуылға тойтарыс берді. Оныншы раундта Альварес рингтің ортасын бермей, тұрып алды. Ал қазақстандық боксшы шегініп жүріп бокстасты, арасында рингтің ортасын ұстап көрді. Бірақ Канелоның қарқыны қатты болды. Головкиннің соққысынан қабағы жарылып қалды. Соңғы екі раундта екі боксшы ашық жұдырықтасты. GGG шабуылын үдетті, алайда Канело да қарап қалмады. Бірнеше соққысын дарытты. Ал Головкин сериялық соққысын жасады. Алайда қажетті ұпай санын жинай алмады. Сауль Альварес айқын басымдықпен жеңіске жетті. Айта кетері, осы жекпе-жек екінші орта салмақта өтті. Сарапқа төрт титул - WBC, WBA, WBO мен IBF белбеулері салынды. Канело төртеуін де қорғап қалды.
https://sputnik.kz/20220917/golovkin-kaneloga-qarsy-ushinshi-zhekpe-zhekten-qansha-tabys-tabady-27664888.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/19/25758969_126:0:1945:1364_1920x0_80_0_0_acc4d42a2e187325998eab25e40e60eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
геннадий головкин
GGG жеңіліп қалды - трилогияның соңы
09:48 18.09.2022 (жаңартылды: 12:23 09.08.2023) АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бірінші раундта боксшылар бір-бірін зерттеп жүрді. Екінші раундта Канелоның құлаштай ұрған бірнеше соққысы өтіп кетті. Ал Головкин джебпен ұпай жинады. Үшінші раундта мексикалық боксшы сериялық соққысын дарыта білді. Генаның маңдайы көгеріп қалды. Төртінші раунда Альварестің қарқыны бәсеңдеген жоқ, хукпен қатты ұрды.
Бірақ Головкин де қарап қалмады, бірнеше соққысын дәл тигізді. Генаның маңдайы қызарып кетті. Төрт раундтың қорытындысы бойынша Канело айқын басымдықпен алға шықты. Есеп – 4:0 . Бесінші раунда Альварестің соққысы Генаның шықшытына қатты тиді, қазақстандық боксшы артқа шегініп қалды. Бірақ тағы алға ұмтылды.
Алтыншы раундта екеуі бірдей жұдырықтасты. Одан кейін Головкин қарсыласына біртіндеп қысым жасай бастады. Бірақ мексикалық боксшы барлық шабуылға тойтарыс берді. Оныншы раундта Альварес рингтің ортасын бермей, тұрып алды. Ал қазақстандық боксшы шегініп жүріп бокстасты, арасында рингтің ортасын ұстап көрді.
Бірақ Канелоның қарқыны қатты болды. Головкиннің соққысынан қабағы жарылып қалды. Соңғы екі раундта екі боксшы ашық жұдырықтасты. GGG шабуылын үдетті, алайда Канело да қарап қалмады. Бірнеше соққысын дарытты. Ал Головкин сериялық соққысын жасады. Алайда қажетті ұпай санын жинай алмады. Сауль Альварес айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Айта кетері, осы жекпе-жек екінші орта салмақта өтті. Сарапқа төрт титул - WBC, WBA, WBO мен IBF белбеулері салынды. Канело төртеуін де қорғап қалды.