Головкин Канелоға қарсы үшінші жекпе-жектен қанша табыс табады

© AP Photo / Richard DrewГеннадий Головкин
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектен 45 млн доллардың гонорарын алуы мүмкін. Бұл туралы Elfinanciero басылымы жазды.
Бұған дейін боксшылар өзара келіссөз өткізген. Одан кейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясымен де бір келісімге келді. Оған сәйкес, әрбір боксшы рингке шыққаны үшін ғана бір миллион доллар көлемінде гонорар алады. Оған кепілдік берілген. Геннадий Головкин 8 миллион доллар алады.
Бұдан бөлек, PPV және басқа да табыс көздері есебінен жалпы гонорары 45 миллион долларға дейін өсуі мүмкін.
Ал Альварес Головкинге қарсы жекпе-жек үшін 65 млн долларға дейін табыс таба алады. Соның ішінде 10 млн базалық төлем болса, қалғаны – трансляция құқығын сату, ақылы қызмет (PPV) пен демеушілік.
Бірінші жекпе-жекте "Канело" 40 млн тапқа. Ал Головкинке 22 млн доллар төленген болатын. Екінші жекпе-жекте екі боксшы да 30 млн алды. Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі өтеді. Ол үшін қазақстандық боксшы екінші орта салмаққа (76,2 келіге дейін) көтерілді.
Головкин төрт титул үшін таласады. Төртеуі де Канелода. Олар: WBC, WBA, WBO мен IBF. Бұған дейін Головкин орта салмақта ғана (72 келі) өнер көрсеткен.
АҚШ пен Қазақстанның уақыт айырмашылығына байланысты қазақстандықтар жекпе-жекті жексенбі күні, 18 қыркүйекте таңғы сағат 8:00-дің кезінде көре алады. Оған дейін андеркарттағы жекпе-жектер өтеді. Бокс кеші 5:00-де басталады. Ал Qazaqstan телеарнасы GGG-Канело жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.
Жаңалықтар
0