Оқиға

Екібастұзда баласын балабақшаға апарған соң жоғалған ер адам 3 күн бойы табылмай жатыр

CC0 / Skitterphoto / Ер адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 16 қазан - Sputnik. Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адамға үш күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Павлодардың "Вита" іздеушілері әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол баланы балабақшаға апарған. Содан бері ұшты-күйлі жоғалған. Жұмысына да бармаған. Іздеушілер оның үйден балабақшаға дейінгі бағытын анықтаған. Сонымен қатар қала тұрғындарынан да сұрыстырылып жатыр.
Алайда көрген адам табылмады. Із кесуші иттермен гараждар тексеріліп жатыр.
Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей тұр. Жігітті табу үшін іздеу шаралары жалғасып жатыр.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Павлодар облысында із-түзсіз жоғалып кеткен балықшылардың мәйіті табылды
Жаңалықтар
0