Павлодар облысында із-түзсіз жоғалып кеткен балықшылардың мәйіті табылды

© PhotoИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Жазылу
ПАВЛОДАР, 10 қазан – Sputnik. Павлодар облысында бес күн бұрын балық аулауға кетіп, қайта оралмаған балықшылардың денесі табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
5 қазан күні Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзінің 69 жастағы жұбайын іздеуге көмек көрсетуді сұраған.
Оның айтуынша күйеуі танысымен бірге УАЗ көлігіне мініп, балық аулауға кеткен. 9 қазанда Кутояксор көлінде УАЗ көлігі табылды. Көлік салонынан балықшылардың құжаты, ақшасы, ұялы телефондары, автокөліктің кілті табылды.
"10 қазан күні сағат 14.00 шамасында іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Кутояксор көлінде хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мәйіттер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдаймыз", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0