https://sputnik.kz/20221014/tmd-sammitinin-qorytyndysy-28477092.html
ТМД саммитінің қорытындысы бойынша қандай құжаттар қабылданды
ТМД саммитінің қорытындысы бойынша қандай құжаттар қабылданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде президенттер бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 14.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-14T15:11+0500
2022-10-14T15:11+0500
2022-10-14T15:11+0500
тмд
құжат
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28472979_0:34:1597:932_1920x0_80_0_0_4f2b93911eefb5755c85947a819d1183.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде президенттер бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, саммит қорытындысы бойынша ТМД кеңістігінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Қызметтердің еркін саудасы, қызметі мен инвестицияларды жүзеге асыру туралы келісім жобасымен жұмысты жандандыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, президенттер Қазақстан бастамасымен мәдениет саласында ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдеме және климат саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдеме қабылдады. Бұдан бөлек, қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшылары 2023-2025 жылдарға арналған, терроризм және экстремизммен күрес бойынша ынтымақтастық бағдарламасын бекітті. Қазақстан президентінің бастамасымен ТМД-да бақылаушы және серіктес мәртебелерін бекіту туралы құжаттар әзірленеді. Бұл Достастық жұмысына басқа елдер мен халықаралық ұйымдарды тартуға мүмкіндік бермек. Адам құқығы мен бостандығын қорғау саласында ынтымақтастықты нығайту мақсатында ТМД-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы туралы жаңа ереже қабылданды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. "Жалпы Қазақстан тарапы бүгінгі саммиттің қорытындысына қанағаттанды. ТМД-ның Астана саммиті мемлекеттеріміз бен халқымыздың игілігі үшін ынтымақтастықты нығайту жолында кезекті қадамға айналады деп сенеміз", - деді Тілеуберді ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитінен кейін өткен брифингте.
https://sputnik.kz/20221014/lukashenko-astana-tmd-prezidentter-28472274.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28472979_155:0:1443:966_1920x0_80_0_0_1748fd8c7569321938383636c5d90284.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд, құжат
ТМД саммитінің қорытындысы бойынша қандай құжаттар қабылданды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде президенттер бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, саммит қорытындысы бойынша ТМД кеңістігінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Қызметтердің еркін саудасы, қызметі мен инвестицияларды жүзеге асыру туралы келісім жобасымен жұмысты жандандыру туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, президенттер Қазақстан бастамасымен мәдениет саласында ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдеме және климат саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдеме қабылдады.
Бұдан бөлек, қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшылары 2023-2025 жылдарға арналған, терроризм және экстремизммен күрес бойынша ынтымақтастық бағдарламасын бекітті.
Қазақстан президентінің бастамасымен ТМД-да бақылаушы және серіктес мәртебелерін бекіту туралы құжаттар әзірленеді. Бұл Достастық жұмысына басқа елдер мен халықаралық ұйымдарды тартуға мүмкіндік бермек.
Адам құқығы мен бостандығын қорғау саласында ынтымақтастықты нығайту мақсатында ТМД-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы туралы жаңа ереже қабылданды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
"Жалпы Қазақстан тарапы бүгінгі саммиттің қорытындысына қанағаттанды. ТМД-ның Астана саммиті мемлекеттеріміз бен халқымыздың игілігі үшін ынтымақтастықты нығайту жолында кезекті қадамға айналады деп сенеміз", - деді Тілеуберді ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитінен кейін өткен брифингте.