Саясат

Лукашенко Астанаға жиналған ТМД президенттерін күлдіртті

© PhotoАлександр Лукашенко
Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде Беларусь президенті Александр Лукашенко өз қалжыңымен әріптестерінің езуіне күлкі үйірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекет басшыларының кеңесінің кеңейтілген отырысын қорытындылап жатқанда, Лукашенко одан "ТМД атқарушы хатшысының лауазымы бас хатшы болып өзгергенін жарияламадыңыз ғой" деп сұрады.
"Александр Григорьевич, төрағаларды сынау сіздің сүйікті ісіңізге айналған ба?" деп күлді Тоқаев. Залда отырғандар да күліп жіберді. Осыдан кейін ол ТМД президенттерінің оңаша кездесуінше ТМД атқарушы хатшысы лауазымы ТМД бас хатшысы деп өзгерту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
"Өйткені біз кеше АӨСШК атқарушы хатшысының лауазымын бас хатшы деп өзгерттік. Мұның алдында ШЫҰ атқарушы хатшысының лауазымы да бас хатшыға ауысты. Сергей Лебедев ТМД бас хатшысы лауазымына лайықты адам деп ойлаймын. "Бас хатшы" лауазымының өзі айтарлықтай дәрежеде біздің ұйымның мәртебесін көтереді", - деп түсіндірді Қазақстан лидері.
Содан кейін Лукашенкоға қарап: "Осыны қаладыңыз ба?", - деп жымиды. "Сергей Лебедев өмір бойына бас хатшы болады", - деп күлді Тоқаев.
Жаңалықтар
0