Петропавл полицейлері адасып кеткен баланы тапты

© Photo : polisia.kzПолицей, архивтегі фото
Полицей, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Петропавл полицейлері жоғалып кеткен екінші сынып оқушысын тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
13 қазан күні түстен кейін Петропавлдағы әлеуметтік желілерде екінші сынып оқушысының қаланың ішінде жоғалып кеткені туралы ақпарат жарияланды. Ата-анасы оның сағат 13:00 шамасында белгісіз бағытта кеткенін хабарлады. Полицейлер қала көшелерінде баланы іздеуге кірісіп кетті.
Нәтижесінде баланы полиция қызметкерлері Иван Ерёменко мен Жан Оразалин мінген патрульдік полиция батальонының экипажы тауып алды. Тәртіп сақшылары жоғалған баланың көршісімен әңгімелесіп тұрған кезде оны үйінен алыс емес жерде байқап қалған. Әбден абыржыған ата-анасына дереу ұлы табылғаны жайлы айтылды. Ал еріктілер тез арада әлеуметтік желіде баланың отбасымен қауышқанын хабарлады.
"Бала адасып кеткен, өйткені отбасы жақында жаңа мекенжайға көшкен. Ювеналды полицейлер ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді", – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.
Полицей формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
Атырауда адасып кеткен қыз дүкеннен табылды
Жаңалықтар
0