Атырауда адасып кеткен қыз дүкеннен табылды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицей формасы
Полицей формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Атырауда адасып кеткен 7 жастағы қыз аман-есен табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
22 қыркүйек күні Атырау №2 қалалық полиция бөлімінің 102 арнасына Райымбек есімді азамат 7 жастағы қарындасы жоғалып кеткенін хабарлаған. Хабарламаны анықтау барысында №8 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары жедел түрде іздестіруді бастап, баланың фотосуретін Whatsapp әлеуметтік желісіндегі топтар арқылы тұрғындарға жіберген.
Жедел-іздестіру нәтижесінде жасөспірімнің Томарлы ауылдық округінде орналасқан "Айкен-ай" дүкені ішінде екені анықталып, полиция қызметкері ата-анасын бірге ертіп әкеліп, 7 жасар жасөспірімді аман-есен тауып алған.
Тексеру барысында 7 жастағы қыздың адасып қалғандығы белгілі болды.
"Қарындасым Томарлы ауылдық округіндегі саз мектебіне анамызға еріп барушы еді, кеше мектеп мұғалімі сабақтан ерте қайтарған екен. Содан қарындасым үйді таба алмай, адасып қалыпты, анасы мектепке барып сұраса, үйге жібердік деген жауап алған. Содан барлығымыз іздеуге кірістік, нәтиже болмаған соң, полицияға қоңырау шалдық, олар уақытынан бұрын шұғыл түрде келіп, қарындасымның фотосуретін барлық топқа таратып, жедел іздестірді", – дейді қыздың ағасы Райымбек.
Жаңалықтар
0