Солтүстік Қазақстанда аңшы адамды атып тастады: учаскелік полицей де сотталуы мүмкін

CC0 / DocHU / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының учаскелік инспекторы қызметтегі әрекетсіздігі ауыр зардаптарға әкеп соққан деген күдікке ілінді
АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің қызметкерлері жидек теру кезінде кездейсоқ қаза тапқан ауыл тұрғынының өліміне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр: жергілікті аңшы адамды жабайы аң деп ойлап, бұта арасына бағыттап оқ атқан.
Қазір оқ атқан ер адам да, зардап шеккен әйелге көмек көрсетпеген және жедел жәрдем шақырмаған учаскелік инспектор да тергеуге алынды.
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғынының өліміне қатысты атышулы іс бойынша учаскелік полиция инспекторы жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Жантүршігерлік кісі өлтіру оқиғасы шілде айында болды. 49 жастағы Алтынай Мұздақбаева жидек теріп жатқан кезде оған аңшы мылтының оғы тиген. Жергілікті фельдшер мен жедел жәрдем дәрігерлері оқ жарақатын алған әйелді аман алып қалуға тырысқанымен, ол аудандық ауруханаға бара жатқанда көп қан жоғалтудан көз жұмды. Сол күні полицейлер зейнеткер Сергей Лосеняны ұстады. Ол кісі өлтіргенін мойындады.
Бірақ Бауманская станциясының тұрғындары зейнеткер жалғыз емес, учаскелік инспектор Қабай Алтаевпен бірге жүргенін айтып жатыр. Зейнеткер абайсызда кісі өлтіру және заңсыз қару сақтағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін және қазір ол қамауда отыр.
"Тергеу Лосеняның 104-бап – абайсызда адам өлтіру, сондай-ақ учаскелік полиция қызметкерінің 370-бап – ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік бойынша кінәсін анықтады. Ол ҚР ҚПК 128-бабы бойынша қамауға алынды. Бұл бап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов.
Прокуратура сотқа дейінгі тергеу құпиясын негізге алып, әлі де жұмбақ тұсы көп оқиғаға қатысты көп сұраққа жауап беруден бас тартып отыр. Қылмыстың негізгі айғақ заты болатын мылтық үш айдан бері әлі табылған жоқ.
Қарудан оқ ату, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2017
Өңірлер
Алматы облысында екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақат алды
Жаңалықтар
0