https://sputnik.kz/20221011/nurzhan-altaev-memlekettik-tildi-erkin-mengergen--lingvistikalyq-komissiya-28371658.html
Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген – лингвистикалық комиссия
Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген – лингвистикалық комиссия
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Лингвистикалық комиссия президенттікке кандидат Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады. Бұл туралы... 11.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-11T18:43+0500
2022-10-11T18:43+0500
2022-10-11T18:43+0500
нұржан әлтаев
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15639194_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_1bfa2ccb46ae03da04cc29aecee7aa46.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Лингвистикалық комиссия президенттікке кандидат Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.Лингвистикалық емтихан үш кезеңде өткізілді: жазба жұмысын орындау, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу.Емтихан аяқталған соң, комиссия алқалы талқылау өткізіп, қорытындылады.Отырыстың қорытындысын Лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов баяндады.Кандидат "Біртұтас Алаш идеясы" тақырыбына жазба жұмысын орындады. Жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романынан ауызша үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша "Бабалар аманаты" тақырыбына он бес минут көлемінде ойын ауызша баяндады.Еске сала кетейік, Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев президенттікке кандидат ретінде "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылды.
https://sputnik.kz/20221008/nurzhan-altaev-osk-ge-quzhat-tapsyrdy--ogan-malimetterdi-burmalady-degen-ayyp-tagyldy-28279460.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15639194_338:0:3067:2047_1920x0_80_0_0_846436be0baef2f2571df8b96c9e319c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нұржан әлтаев
Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген – лингвистикалық комиссия
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Лингвистикалық комиссия президенттікке кандидат Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Лингвистикалық емтихан үш кезеңде өткізілді: жазба жұмысын орындау, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Емтихан аяқталған соң, комиссия алқалы талқылау өткізіп, қорытындылады.
Отырыстың қорытындысын Лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов баяндады.
Кандидат "Біртұтас Алаш идеясы" тақырыбына жазба жұмысын орындады. Жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романынан ауызша үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша "Бабалар аманаты" тақырыбына он бес минут көлемінде ойын ауызша баяндады.
Еске сала кетейік, Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев президенттікке кандидат ретінде "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылды.